«Жағдай өте күрделі»: СІМ Газа секторында 67 қазақстандық жүргенін мәлімдеді

16.10.2023, 18:26
862
«Жағдай өте күрделі»: СІМ Газа секторында 67 қазақстандық жүргенін мәлімдеді Halyq Uni

Бүгінде Газа секторында Қазақстанның 67 азаматы жүр. Олардың отбасы мүшелерін қосқанда, Газа секторында 100-ден аса қазақстандық болуы мүмкін. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров айтты.

Газа секторындағы жағдай өте күрделі. Қазақстанның Мысыр мен Иорданиядағы елшіліктері осы аудандағы қазақстандықтармен байланыста. Күнде жергілікті билікпен отандастарымыз бен олардың отбасы мүшелерін Газа секторынан Мысырға Рафах өткізу пунктінен шығару бойынша келіссөздер жүргізіліп жатыр, - деді Айбек Смадияров.

СІМ ресми өкілінің айтуынша, Газа секторында 100-ден аса қазақстандық болуы мүмкін.

«Қолда бар ақпаратқа сәйкес, 67 Қазақстан азаматы бар. Олардың отбасы мүшелерін қосқанда 100-ден аса адам болады. Қазақстаннан басқа тағы 45 елдің елшілігі осында келіссөз жүргізіп жатыр. Кейбір отандастарымыз бен олардың отбасы мүшелерінің қандай да бір құжаты жоқ. Дипломаттар осы және басқа ұйымдастыру жұмыстарына қатысты мәселелерді пысықтап жатыр», - деді ол.

Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров Израиль мен Газа секторында қаза тапқан немесе жараланған қазақстандықтар жайлы қазірге дейін ешқандай мәлімет түспегенін айтты.

Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан Freedom Travel төңірегіндегі жанжал: отадан шыққан егде жастағы жолаушылар күні бойы әуежайда отырған Украина тұтқынындағы қазақстандық Ресей билігіне үндеу жасады