Интимді фотомен бопсалаған кезде не істеу керек - Құқық қорғаушы жауап берді

17.10.2023, 10:46
890
Интимді фотомен бопсалаған кезде не істеу керек - Құқық қорғаушы жауап берді canva.com

Немолчи қорының басшысы Дина Таңсәрі интимді фото, видеомен бопсалап жүрген қаскөйлерге қалай төтеп беру керегін айтып берді.

Әйелдердің құқығын қорғаушы бүгінгі таңда бұрынғы жұбайы, бұрынғы жігіті немесе бірге тұрған сүйіктісі қыздарды жиі интимді фотосымен бопсалап, ақша немесе тағы да сондай сипаттағы суреттер талап ететінін жағдайдар көп екенін айтты. Ол агрессордың манипуляциясына ерік бермеуге шақырды.

“Сізді бопсалап жүргені туралы барлық дәлелді жинаңыз. Оның тұтқынына айналмаңыз. Саған не керек, менен не талап етесің деп бәрін ашық біліп алыңыз. Ақша сұраса, қанша сома екенін анықтаңыз. Содан кейін оның талабын скриншот жасап сақтап қойыңыз. Телефонмен сөйлескендеріңізді басқа телефонға диктофонға жазып алыңыз. Осы дәлелдермен полицияға жүгінесіз де, арыз жазасыз”, – деді Таңсәрі.

“Бопсалау” бойынша тергеу жүргізілуі керек. Полицияға әрекетсіздік танытса, прокуратураға жүгіну қажет дейді ол. Оның айтуынша, бопсалаған сома қаншалықты көп болса, жаза да соншалықты ауыр болады. Бес жылға дейін бас бостандығынан айыруы мүмкін.

“Қорқытып, бопсалаған сәттен дәлел жинақтаңыз. Айтқан талаптарын орындамаңыз. Әйтпесе дәлелдеу қиынға соғып, іс ұзаққа созылады”, – деді Немолчи басшысы.

Ал интимді фотоны таратып жібергендерді ҚК 147 бабы Ж1еке өмiрге қолсұғылмаушылықты және дербес деректер және оларды қорғау туралы заңнамасын бұзу” бойынша соттайды. Бұл үшін қаскөй бес жылға бас бостандығынан айырылады.

“Интимді сипаттағы суретті желіге таратып жіберсе, қорқып, қоғамнан тығылмаңыз. Керісінше, шығып, мәлімдеме жасаңыз. “Бұл – фотошоп. Менің аккаунтыма алаяқтар бұзып кіріп, бопсалап жатыр. Енді біз полицияға арыз жаздық. Бәрін заң аясында шешеміз” деп айтыңыз. Сол кезде хейт те азырақ болады”, – деді ол.

Кәмелетке толмаған адамды сондай суретпен бопсалау өте ауыр қылмыс және азғындық боп саналады. 

“Баладан интимді фото сұрау, интимді фотоны таратамын деп қорқыту ҚК 124-бабы “Балаларды азғындық жолға түсіру” бойынша қаралады. Бұл қылмыс үшін 17 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген”, – деді құқық қорғаушы.

Ақтауда асаба мен әйелінің интим видеосын таратқан күдікті ұсталды Тоқаев Мұхтар Шахановтың қазасына байланысты көңіл айтты Маңғыстауда нөсердің салдарынан жаппай жылқылар қырылды (ВИДЕО) Цирктегі жолбарыс көрермендерге қарай секіріп кетті (ВИДЕО) «Сенің даналығың жетіспейді»: Әнші Леонид Агутин досы Батырхан Шүкеновтің бейітіне барды 200 шақырымға жүгіру: қарағандылық сержант ультрамарафонда Қарулы күштердің жаңа рекордын орнатты Семейде мысығын кір жуғыш машинаға салып өлтірген қыз жазаланды Құрманғазыда киіктер қырылып, 800-ден астам өлексe табылды Өскеменде түнгі апаттан соң үш адам ауруханаға түсті Күміс жас күйбеңі: Белсенді өмір орталықтары шағым-жанжал ошағына айналған ба? 20 сәуірдегі валюта бағамы: қай қалада доллар қымбат 14 өңірге қауіп: Бүгін тұман, дауыл және үсік қатар келеді Қазақ поэзиясының өткір үні Мұхтар Шаханов қайтыс болды «Тұрсынды қимай жүр»: Алагөзовтің бұрынғы әйелі қымбат сөмкелерін көрсетті Театр актері мен оның жұбайы бір-бірін пышақтап өлтірді Өтекешева Алагөзовадағы қамзолдың түпнұсқа екенін растады Трамп: «Израиль — АҚШ-тың ең мықты досы» «Пышақпен қорқытады»: Маңғыстаудағы балабақшада жанжал өршіді Қасиетті дініміз Еуропаның төріне шықты: Германияда тұрақты азан айтыла бастады Орынборда полицейлерге оқ атқан күдікті ұсталды