АҚШ президенті Джо Байден Израильге барады

17.10.2023, 11:52
802
АҚШ президенті Джо Байден Израильге барады newsweek.com

АҚШ президенті Джо Байден сәрсенбі күні Израильге барады. Бұл туралы Svoboda.org басылымы хабарлайды.

Президенттің мақсаты - ел тарихындағы ең қанды лаңкестік әрекеттің құрбаны болған израильдіктермен ынтымақтастықты көрсету. Джо Байден президенттік қызметінде екінші рет соғысып жатқан елге барғалы отыр. 

Израильде АҚШ президенті премьер-министр Биньямин Нетаньяхумен және басқа да ел басшыларымен кездесуді жоспарлап отыр. АҚШ мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкеннің айтуынша, Джо Байден израильдіктердің ел қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін не қалайтынын тікелей тыңдағысы келеді.

АҚШ президенті Иорданияға да барады, онда Иордания королімен, Мысыр президентімен және Палестина билігінің басшысымен кездесуі жоспарланған. Байден олармен Газаның бейбіт тұрғындарына гуманитарлық көмек көрсету мәселесін талқыламақшы.

АҚШ президентінің Израильге сапары Израиль армиясы Газа секторында құрлық операциясына дайындалып жатыр, оның мақсаты лаңкестер тізіміне енген ХАМАС радикалдық тобын жою. 

Айта кетейік, 7 қазанда Хамастың Израильге басып кіруі нәтижесінде мыңнан астам израильдік қаза тауып, Израиль армиясының мәліметінше, екі жүзге жуық адам кепілге алынған еді. Хамас Израильге зымыран атқылауын әлі де жалғастыруда. Әуе шабуылы дүйсенбі күні АҚШ Мемлекеттік хатшысы мен Израиль премьер-министрінің кездесуі кезінде орын алды. Олар кездесуді бомба қоймасында жалғастыруға мәжбүр болды.

Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды