Тележүргізуші Динара Сәтжан ұлының Отан алдындағы борышын қайда өтеп жатқанын айтты

17.10.2023, 13:10
5523
Тележүргізуші Динара Сәтжан ұлының Отан алдындағы борышын қайда өтеп жатқанын айтты Видеодан алынған кадр

Жақында танымал тележүргізуші, кәсіпкер Динара Сәтжан жалғыз ұлы Даниялды әскерге шығарып салды. Ол Айкерім Есенәліге берген сұхбатында ұлын аттандырып жатып, қандай сезімде болғанын баяндап берді.

Тележүргізуші ұлын әскерге аттандырар алдында көзіне жас алғанын жасырмады.

“Әскерге аттанар алдында мене ешқандай эмоция болған жоқ. Даниялды үйден шығарып салғанда: “Даняил, сен ер жігітсің, мықтысың, сенде барлығы жақсы болады” деп жібердім. Мен ұлым үшін қорықпаймын. Әскер – түрме емес. Тек ұлымды бір жыл көрмейтінімді түсінгенде көз жасыма ерік бердім. Әскерде ол өзін жақсы жағынан көрсетсе, тәртібі жақсы болса, үш айда бір рет үйге жіберіп тұрады екен. Одан да жақсы жағынан көзге түссе, жиі жіберіп тұруы мүмкін. Егер бір жылдың ішінде үйге 5-6 рет келсе, біз үшін соның өзі жеңіс. Даниял әскери борышын мемлекеттік күзет қызметінде өтеп жатыр”, – дейді Динара Сәтжан.

Тележүргізуші қазір әскерге барып келген ер жігіттерге жақсы мүмкіндіктер берілген. Ол әскерге барудың артықшылықтарын атап өтті.

“Менің ойымша, мықты болу үшін тәртіп керек. Қазақтың “Қызды жоқтық, ұлды тоқтық құртады” деген мақалы ұнайды. Даниял ақша табуды, оқуды біледі. Қазір көп адам марафон жасап жүгіріп, Эверест тауын бағындырып, қыруар ақша төлеп парашютпен секіріп жатыр. Мұның бәрін адамдар күш-жігеріп қайрап, шыңдалу үшін істейді. Менің ойымша, қазір адамдарға төзімділік, шыдамдылық жетпейді. Қазіргі Қорғаныс министрлігінің жаңа ережесі бойынша, әскерге барып келген кез келген жігіт ҰБТ тапсырмай-ақ қалаған жоғарғы оқу орнына грантқа түсе алады. Ал ақылы бөлімге түссе, оқуын 2-курстан бастайды. Даниял келесі жылы күзде келгенде 2-курстан бастап оқиды”, – дейді кәсіпкер.

Қалтада дүрбі сақтаудың қажеті жоқ — бәрі Honor смартфонында Танымал блогер Назгүл мен Құндызға тиесілі 2 қабатты зәулім үйді сатып жіберген боп шықты Жаттықтырушы Алина Серікованың ісі: марқұмның атына зорлықшылар күштеп алғызған несие әлі жабылмаған Семейлік 32 жастағы мұғалім оқушы қызды көліктің ішінде зорлаған Ерке Есмахан күйеуінің туған күнінде жаңа үйге көшкенін айтты (ФОТО) «Пәтер, анасы екеуінің еміне қаражат, инвестиция»: әйгілі бетперделі жігіт 4 дүркін әлем чемпионына көмектесті (ВИДЕО) Жантүршігерлік жол апатынан павлодарлық балалар ауруханаға түсіп, бапкер қаза болды Жемқорлық туралы хабарлаған алматылықтарға 1,2 млн теңге сыйақы берілді Астанада ер адам көпірден секіріп кетті «Қар, көктайғақ»: 19 сәуірге арналған ауа райы болжамы жарияланды Ел Президенті ұландықты марапаттады Шерзат Болаттың досы неге оқиға орнынан қашып кеткенін түсіндірді Шерзаттың өліміне куәгер Эльмира Нұрбекова күдікті жігіттермен 2 күн бұрын танысқанын айтты «Төбелес біткен тұста пышақ ұстаған бір топ жігіт келді»: Шерзаттың досы сотта куәлік берді Ақтөбелік келіншектің ұлы анасының 600 мың теңгелік сақинасын балабақшадағы қызға сыйлап жіберген Алматы қаласында «Инклюзивті қала: шешімдер мен мүмкіндіктер» атты панельдік сессия өтті «Қыздар көре алмай жатыр»: Диана Скатова жеке өмірінен сыр шертті «20 жылға соттамақ»: Ресейде адыраспанмен ұсталған қазақстандық ер адам 8 ай қамауда отыр Шерзаттың анасы куәгер қыздардан жедел жәрдем шақыруын сұрағанда олардың тас лақтырғанын айтты Ауғанстанға Қазақстан 36 вагон көмек апарып берді