Төреғали Төреәлі қолына сыпырғыш алып, жазасын қалай өтеп жатқанын көрсетті
Танымал қазақстандық әнші Төреғали Төреәлі сот тағайындаған 40 сағат қоғамдық жұмысқа тартылған жазасын қалай өтеп жатқанын көрсетті.
Әнші Instagram парақшасында қолында сыпырғыш пен тырма ұстап қалалық саябақта жапырақтарды тазалап жүрген видеосын жариялады. Төреғали өз жазбасында ақын Қадыр Мырзалиевтің өлеңінен үзінді келтірді.
Әнші қоғамдық қызметке Calvin Klein бейсбол қалпағы мен күннен қорғайтын көзілдірік тағып, қызғылт сары коммуналдық жилет киген.