Газа секторындағы ауруханаға әуе шабуылы жасалды: 500-ге жуық адам қаза тапты

18.10.2023, 09:10
756
Газа секторындағы ауруханаға әуе шабуылы жасалды: 500-ге жуық адам қаза тапты ТАСС

Палестинаның денсаулық сақтау министрлігі Израиль армиясы Газа секторының орталық бөлігінде орналасқан Әл-Ахли ауруханасына бомба тастағанын мәлімдеді. Бұл туралы ВВС сайты хабарлады.

Палестина дереккөздерінің хабарлауынша, 500-ге жуық адам мерт болған. Израиль әскерилері мұны Палестинаның "Исламдық жиһад" тобы жасады дейді.

Желіде ауруханадағы жараланған адамдардың фотолары тарады. 

Әл-Ахли ауруханасы Иерусалим мен Таяу Шығыстағы епископтық шіркеудің қамқорлығында.

Британдық-палестиналық хирург, профессор Гассан Абу Сит әуе соққысы болған кезде ол ауруханада ота жасаған. Маман аурухананың бір бөлігі өртеніп кеткенін айтады.

Израиль қорғаныс армиясы Газадан ұшырылған зымырандардың радиолокациялық траекториясын бейнелейтін схеманы жариялады. Әл-Ахли ауруханасы схемаға сәйкес траекторияның астында орналасқан.

Израильдің премьер-министрінің кеңесшісі Марк Регев ракеталардың 33%-ы мақсатқа жетпейтінін және Газаға қонатынын мәлімдеді.

Түркия мен Ливанда Израиль мен АҚШ елшіліктерінің жанында мыңдаған ереуілдер өтті. Анкарада полиция наразылық білдірушілерді су атқыштармен, Бейрутта көзден жас ағызатын газбен таратты.

Тунисте наразылық білдірушілер Франция мен Ұлыбритания елшіліктеріне жиналып, "Францияға өлім!"және “Ұлыбританияға өлім!" деп айқайлады. Тунисте АҚШ елшілігі соғыс басталған кезде жабылды.

Сейсенбі күні Газа секторындағы Әл-Магази босқындар лагеріндегі мектепке де әуе шабуылы жасалған, бұл кем дегенде алты адамның өмірін қиды, ондаған адам жарақат алды.

"Осы БАПОР мектебін кем дегенде 4000 адам паналаған еді. Олардың басқа баратын жері болмады, қазір енді баратын жері жоқ", – деп хабарлайды ұйым.

Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан Freedom Travel төңірегіндегі жанжал: отадан шыққан егде жастағы жолаушылар күні бойы әуежайда отырған Украина тұтқынындағы қазақстандық Ресей билігіне үндеу жасады Өскеменде 356 млн теңгені қолма-қол ақшаға айналдырғандардың ісіне шенеунік те араласқан Атырауда қыздың өлімі үшін сотталған мүсіншіге қатысты үкім жойылды Құлсарыдағы ерлі-зайыпты қаза тапқан жарылыстың себебі әшкере болды