Индира Расылхан мәһрге қымбат сыйлық сұрайтын қыздарға қатысты пікір білдірді

18.10.2023, 10:10
1017
Индира Расылхан мәһрге қымбат сыйлық сұрайтын қыздарға қатысты пікір білдірді indirarasylkhan

Өнерден кетіп, дінге бет бұрған Индира Расылхан қыздардың мәһрге көлік пен үй сұрауы қалыпты жағдай деп санайды.

Индира Расылхан әлеуметтік желідегі парақшасында бейнежазба жариялады. Видеода ер жігіт бірнеше қызбен сөйлесіп көргенін және олардың мәһрге көлік, үй, гауһар тас сынды қымбат сыйлық сұрайтынын айтады. Сонда Индира: “Сонда мәһрді көп сұраған қыз кінәлі болып тұр ма? Бұл мәселеге басқа жағынан қарауға болады. Ол қызға Алла сенің мүмкіндігіңді білгендіктен және сол дүниені берейін деп тұрғандықтан сондай ой салып тұр. Мұны мүмкіндік ретінде қабылдау керек. Тек мерзімін ғана келісу керек. “Бір жыл болса, бұйырса болады” деген сияқты. Сондықтан қорқудың, қыздарды кінәлаудың қажеті жоқ. Бұл Алладан келген мүмкіндік”, – деп жауап берді.

Ол жігіттерге жауапкершілікті алудан қашпау керегін айтты.

“Некелескен әйеліңіз мәһрге не нәрсе сұрағаны, ол Аллах тағаланың ауызына сслып беріп отырған сөзі. Сондықтар жас жігіттер ескерту, ондайдан қашпаныздар. Керісінше, сізге Аллах тағаланың оның берекесін 2-3 еселеп үйіп төгіп беретінін біліңіз”, – деп жазды Индира Расылхан.

Желі қолданушыларының басым көпшілігі мәһр сұрамай-ақ күйеуге тигенін айтады.

“Осы бізде мәһр деген барма еді?!”, “Мәһр де, сахарда сұрамай, байға тиіп алыппыз”, “Алған жарың шын пейілімен жақсы көріп, сыйлап, орталарында жақсы қарым-қатынас болса сол мәһрдің көкесі емес пе?”, “Мәһр де болмаған-ау”, “Мәһр сұрамай-ақ үйі жоқ жігіттің артынан кете беріппіз”, – деп пікір қалдырды желідегілер.

Баян Алагөзова өзін «Баян-шаян» деп келемеждеген емшіні сотқа бермек «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім» деген ресейлік әйел қамауға алынды Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі неге әлеуметтік желіден жоғалып кеткенін ашып айтты «Баспен құлады»: Ақмола облысында 61 жастағы ер адам биіктіктен құлап көз жұмды Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды