Бала көз жұмған жағдайда ұлттық қордың ақшасы қайда кетеді - Министр жауап берді

18.10.2023, 13:51
680
Бала көз жұмған жағдайда ұлттық қордың ақшасы қайда кетеді - Министр жауап берді canva.com

Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров егер бала кәмелетке жетпей қайтыс болса, Ұлттық қордан бөлінетін қаражат кімге берілетінін айтты

Мәжілістің жалпы отырысынан шыққан министрге журналистер «Бала 18 жасқа дейін қайтыс болса, Ұлттық қордағы қаражат кімге беріледі? Балаға тиесілі төлемді оның ата-анасы немесе бауырлары алуы мүмкін бе?» деген сұрақ қойды. 

Әлібек Қуантыров бұл мәселе заң жобасын дайындау барысында пысықталғанын айтты.

Біз алғашында тұжырымдаманы әзірлегенде ақшаны (Ұлттық қорға) қайтаруды көздейтін норма болды. Содан кейін (бала қайтыс болған жағдайда Ұлттық қордан оған берілетін қаржы – авт.) ақша ата-анасында қалады немесе сол отбасындағы басқа балалардың арасында бөлінеді деген шешімге келдік, - деді ведомство басшысы.

Сондай-ақ министр бұл ақшаны тек баспана алуға немесе жоғары білім алу мақсатында жұмсауға болатынын атап өтті. Айта кетейік, бүгін Мәжіліс депутаттары Ұлттық қордан балаларға қаражат беруді көздейтін заң жобасына Сенат ұсынған өзгерістер мен толықтыруларды енгізуге келіскен еді.

Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды