Maqsut Narikbayev University-де Financial and Data Science Lab: Refinitiv зертханасын ашты

19.10.2023, 11:47
798
Maqsut Narikbayev University-де Financial and Data Science Lab: Refinitiv зертханасын ашты gov.kz

Maqsut Narikbayev University-де Financial and Data Science Lab: Refinitiv зертханасының салтанатты ашылуы өтті.

Іс-шараға LSEG Business Орталық және Шығыс Еуропа және ТМД елдеріндегі Клиенттермен байланыс жөніндегі директоры Эдже Сараджаулы, ТМД елдері бойынша клиенттермен байланыс жөніндегі менеджер Ержан Сейілбек, Қазақстандық өкілдіктің директоры Арман Қасымов және MNU Басқарма Төрағасы Талғат Нәрікбаев қатысты.

Thomson Reuters және Eikon ретінде белгілі қаржылық нарық деректерін жеткізуші Refinitiv Workspace - әлемдегі жетекші провайдерлердің бірі саналатын Лондон қор биржасы тобына тиесілі (LSEG).

Жаңадан ашылған зертханада MNU студенттері мен оқытушылары жаһандық қаржылық деректерге, жаңалықтарға және материалдарға қол жеткізе отырып, Refinitiv деректер базасымен жұмыс істеудің бірегей мүмкіндігіне ие болады.
Олар шынайы уақыт режимінде қаржы нарығының қозғалысын талдап, әлемдік банк секторындағы жағдайлар мен компаниялардың инвестициялық тартымдылығы туралы аналитикалық деректерді жасай алады.

Зертхананың салтанатты ашылуы барысында Maqsut Narikbayev University Басқарма Төрағасы Талғат Нәрікбаев университеттің халықаралық оқу орны мәртебесін алуды мақсат етіп отырғанын ерекше атап өтті.

«Біз болашақта нағыз жаһандық университет болуды мақсат етудеміз. Ол үшін біз қазіргі уақытта британдық сапаны қамтамасыз ету агенттігі мойындаған QAA халықаралық аккредитациясының күрделі, алайда маңызды үдерісінен сәтті өтіп жатырмыз», - деді университет басшысы.

Ол сондай-ақ бүгінгі таңда шешімдер қабылдау мен саяси анализдер әзірлеу үшін деректермен жұмыс дағдыларына ие болу маңызды екенін атап өтті.

Шара соңында LSEG өкілдері MNU студенттерімен тәжірибе алмасуға және ынтымақтастыққа дайын екендіктерін атап өтті.

Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі неге әлеуметтік желіден жоғалып кеткенін ашып айтты «Баспен құлады»: Ақмола облысында 61 жастағы ер адам биіктіктен құлап көз жұмды Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады