727

Алматыда «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында 22 мектеп салынады

Алматыда «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында (бір ауысымда) 37 100 орындық 22 үлкен мектеп салынады

Алматыда «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында 22 мектеп салынады
Halyq Uni

Атап айтқанда:

  • Алатау ауданында – 6 мектеп;
  • Алмалы ауданында – 1 мектеп;
  • Әуезов ауданында – 1 мектеп;
  • Бостандық ауданында – 3 мектеп;
  • Жетісу ауданында – 1 мектеп;
  • Медеу ауданында – 1 мектеп;
  • Наурызбай ауданында – 5 мектеп;
  • Түрксіб ауданында – 4 мектеп құрылысы жоспарланған.

Оның ішінде 23 100 орындық 13 мектептің құрылысына бірыңғай тапсырыс беруші – «Самұрық-Қазына құрылыс» АҚ. 

Алматы қаласы білім басқармасының баспасөз қызметінің Halyq Uni редакциясына берген жауабында қазір 13 учаскеде құрылыс-монтаждау жұмыстары жүргізіліп жатқанын көрсеткен.

12 мың орындық 8 мектепті меншік иелерінен тауар ретінде сатып алу, МЖӘ аясында «Алғабас» шағын ауданында 2 мың орындық 1 мектептің құрылысын бастау жоспарлануда. Қазіргі уақытта 13 учаскеде құрылыс-монтаждау жұмыстары жүргізілсе, 9 учаскеде жер телімдерін дайындау жұмыстары жүргізілуде: қоршау, геотехникалық іздестіру, қадаларды қазу, құрылыс техникасын жұмылдыру және т.б., - делінген ресми жауапта.