Қостанай әуежайы ресми атауын алды

19.10.2023, 16:22
826
Қостанай әуежайы ресми атауын алды facebook.com

Былтыр Қостанай халықаралық әуежайына Ахмет Байтұрсынұлының есімін беру туралы шыққан Үкіметтің қаулысы іске асты.

Редакцияға келген хатта Қостанай жұртшылығы облыс әкімдігіне, облыстық мәслихат депутаттарына, оның ішінде әуежайдың басшысы Асқар Бекбосыновқа жыл басынан бері сұрауларға түсіністікпен қарап, сауатты жауап беріп, айлап күткен істі соңына дейін жеткізіп, істің сәтті аяқталуына қолдау көрсеткені үшін ризашылығын білдірді.

Әуежайға ұлт ұстазының атын беру туралы Үкіметтің қаулысы 2022 жылы 24 маусымда шыққан болатын. Оған Ахмет Байтұрсынұлының есімін беру туралы бастаманы ұлт ұстазының 150 жылдық мерейтойы қарсаңында әуежайдың ұжымы көтерген еді. Одан бөлек, осы ұсынысты қоғам белсенділері, зиялы қауым өкілдері түрлі жерлерде айтып жүрді. Сондықтан ол ұжымның талқысына салынып, қолдау тауып, тиісті рәсімдерден өткізілді.

Одан бөлек, Қостанай қаласындағы бірнеше мектеп ұжымы тарапынан өздері білім беретін оқу ордасына да Ахмет Байтұрсынұлының есімін беру туралы ұсыныс жасалған.

Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды