Қазақстанда уақыт белдеуі өзгеруі мүмкін

19.10.2023, 20:16
510
Қазақстанда уақыт белдеуі өзгеруі мүмкін pixabay.com

Экология және табиғи ресурстар министрлігі уақыт белдеуінің өзгеруі туралы ақпаратқа қатысты пікір білдірді.

Желіде Қазақстанда уақыт белдеуі өзгеруі мүмкін деген ақпарат тараған еді. Онда бірнеше өңірде уақытты бір сағатқа өзгерту жоспарланғаны айтылған. 

"Бірыңғай уақыт белдеуін белгілеу, оған байланысты Қазақстанның батыс облыстары, атап айтқанда: Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Қызылорда, Маңғыстау облыстары 2023 жылғы 30 қарашадан 1 желтоқсанға қараған түні (сағат 00:00-де) бір сағат бұрын астаналық уақытқа ауыстырылады", - делінген ақпаратта.

Экология министрлігі қазіргі уақытта Қазақстанда уақытты есептеудің бірыңғай тәртібін орнату мәселесі зерттеліп жатқанын растады.

"Экология және табиғи ресурстар министрлігі сауда және интеграция министрлігімен, сондай-ақ басқа да мүдделі ұйымдармен бірлесіп, ел аумағында уақытты есептеудің бірыңғай тәртібін белгілеу мәселесін пысықтап жатыр. Депутаттардың, орталық мемлекеттік органдардың, қоғам және ғылыми ұйымдардың өкілдерінің қатысуымен жұмыс тобы құрылды. Бұл мәселе бойынша шешім қабылданған жоқ. Шешім мәселені егжей-тегжейлі зерделеп, қоғаммен кеңінен талқылаудан кейін қабылданады.

Қазіргі таңда Қазақстан аумағында уақыт екі әкімшілік уақыт белдеуінде есептеледі: 4-ші (БҚО, Ақтөбе, Атырау, Қызылорда, Маңғыстау облыстары) және 5-ші (Астана, Алматы, Шымкент, Ақмола, Алматы, Қарағанды, Ұлытау, Түркістан және басқа облыстар)", - деді министрлік.

Рим папасы Путин мен Зеленскийге келіссөзді Ватиканда өткізуді ұсынды Атыраулық еркек бес жыл бойы өгей қызын зорлап келген «Соғыс тоқтамайды»: Украина мен Ресей арасындағы келіссөз екі сағатқа да созылмады Путин Қасым-Жомарт Тоқаевты туған күнімен құттықтады Ақтөбеде бизнесмендерді бопсалаған «Антикор қызметкері» ұсталды Бүгін бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды «Қыздың бәрін ғашық қылған»: Тамара Асар тәлімгер Мұхамеджан Тазабектің серілігін айтты (ВИДЕО) «Мәдинаға келіп-кетіп жүретін»: марқұм әншіге Болат Назарбаев зәулім үй сыйлағаны белгілі болды Free Fire алаяқтығы: Шымкенттік оқушы «үздік» ойын аккаунты үшін 2 миллион теңгеден айырылған Назарбаев мектебіне түскен оқушы қуаныштан жылап қалды (ВИДЕО) «Шоколад орнына телефон»: Павлодардағы түрмеге телефон жасырып кіргізбек болған Астанада жеңіл көлік жолдан өтіп бара жатқан баланы қағып кетті Жапонияда қылмыстық топ құрған өзбек жігіттер ұсталды (ВИДЕО) Ұлыбритания Ресейге қарсы санкцияларды күшейтуге шақырды «Шерзатты шатастырып ұрып кетіппін»: Сотта күдікті Белқожаев жауап беріп жатыр «Көзінің ішінде оқ бар»: Ақтауда 11-сынып оқушысын жасөспірімдер атып кетті «Келесі күні мектепке бардым»: Айыпталушы жасөспірім Шерзаттың отбасынан кешірім сұрады Танымал балуанның үйінде құлдықта болдым деген Мұқанның ісі тоқтатылды «Ақшаны алмадым»: Жамбылдық әйел асырап алған баласын оқтаумен ұрған Трамптың он бірінші немересі дүниеге келді