Қуанышты жаңалық: Теледидардағы қазақ тілінің үлесі 85% дейін өседі
Үкіметтің алдағы 6 жылға арналған тіл саясатының тұжырымдамасын ұсынды, деп хабарлайды smartnews.kz сайты.
Үкімет ұсынған тіл саясатының тұжырымдамасына сәйкес, 2029 жылы қазақ тілін меңгерген халықтың үлесі 84 пайызды құрауы тиіс. Қазір ол 81 пайызды құрап отыр.
Аталған жоспар бойынша телеарнадағы бағдарламалардың 85%-ы қазақ тілінде көрсетілетін болады.
Қазақ тілін орташа меңгерген мемлекеттік қызметкерлердің саны да 2029 жылға қарай 50%-ға дейін (қазір 35%) артады. Бұдан бөлек, мемлекеттік органдар мен ұлттық компанияларда қазақша құжат айналымы 91%-дан 94,%-ға дейін көбеймек.
Басқа да маңызды жаңалықтар Telegram арнамызда!
Материал авторы
Дана Асылбекқызы
Тілші