Аида Балаева: Жылдың соңына дейін Қазақстан халқының саны 20 миллион адамға жетеді

20.10.2023, 16:31
883
Аида Балаева: Жылдың соңына дейін Қазақстан халқының саны 20 миллион адамға жетеді gov.kz

Мұндай мәлімдемені Балаева халықаралық конференция кезінде мәлімдеді.

Астана қаласында Австрия, Түркия, Венгрия, Чехия және Ресей ғалымдары мен сарапшыларының, сондай-ақ ҚР Парламенті депутаттарының, орталық және жергілікті атқарушы органдар, ҮЕҰ және халықаралық ұйымдар өкілдерінің қатысуымен «Отбасы – Қазақстанның тұрақты демографиялық дамуының негізі» атты, отбасылық және демографиялық саясат мәселелері бойынша халықаралық конференция өтіп жатыр.

«2021 жылы біз соңғы 34 жылдың ішіндегі ең жоғары туу көрсеткішіне жеттік. Жалпы туу коэффициенті 3,3-і құрайды, бұл қарапайым халықтың көбею деңгейінен асып түседі. Соңғы 10 жылда халық саны шамамен 3 миллион адамға өсті. 2023 жылдың соңына қарай Қазақстан халқының саны 20 миллионға жетеді деп күтілуде. Осыған байланысты, Мемлекет басшысы біздің алдымызға: қазіргі демографиялық үрдістерді – бәсекелестік артықшылықтарға айналдыру міндетін қойып отыр. Соңғы жылдары біз бақылап отырған жоғары туу коэффициенті – адами капиталдың сапасына әсер етпеуі керек. Отбасы институтының қолайлы дамуы үшін жағдай жасау, лайықты өмір мен жұмысқа орналасуды қамтамасыз ету – біздің күш-жігер жұмсайтын негізгі аспектілеріміз»,- деп атап өтті, Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі Ұлттық комиссияның төрағасы, Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева.

Айта кетейік, Қазақстанда халықтың өмір сүру жасының ұзақтығы артып келеді. 2022 жылғы көрсеткіш бойынша бұл – 74,4 жасты құрады. Бұл ретте халық құрылымында жастар үлесінің өсуі байқалады. Ел азаматтарының орташа жасы - 32. Жастардың үлесі шамамен 30% құрайды. Бұл үрдіс одан әрі арта түседі. 

Басқа да маңызды жаңалықтар Telegram арнамызда!

«Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді