«Архитекторы будущего» қорын құрушы Марат Абиевке қатысты үкім заңды күшіне енді

21.10.2023, 12:14
440
«Архитекторы будущего» қорын құрушы Марат Абиевке қатысты үкім заңды күшіне енді видеодан алынған кадр

2023 жылғы 21 тамызда Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты «Архитекторы будущего» заңсыз қорының негізін қалаушы Абиевке қатысты шығарған үкімі заңды күшіне енді. Бұл туралы smartnews.kz сайты хабарлайды.

Марат Абиев қызметі азаматтарды құқыққа қайшы әрекеттер жасауға ынталандырумен ұштасатын қоғамдық бірлестікті (ҚК 404-бабының 1-бөлігі), сондай-ақ қоғамдық шараларды өткізу кезінде қоғамдық тәртіпті бұзу қаупін тудыратын жалған ақпарат таратумен айналысқан қоғамдық бірлестікті құрды және оған басшылық жасады (ҚК 274-бабы 4-бөлігінің 2) тармағы) деп айыпталған еді.

«Архитекторы будущего» заңсыз қорын құрушы Абиевке қатысты Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотының 2023 жылғы 21 тамыздағы үкіміне апелляциялық шағымдарды қарады.

Аталған үкіммен келіспеген сотталушы мен оның қорғаушылары оның кінәсін даулап, апелляциялық шағым түсірді.

Сот үкімімен А. ҚК-нің 274-бабы 4-бөлігінің 2) тармағында, 404-бабының 1-бөлігінде көзделген қылмыстар жасағаны үшін кінәлі деп танылды және қылмыстық құқық бұзушылықтар жиынтығы бойынша 5 жыл мерзімге қоғамдық бірлестіктерді құруға және басқаруға байланысты қызметпен айналысу құқығынан айырыла отырып, 7 жылға бас бостандығынан айырылған еді.

Сот үкімі заңды күшіне енді.

Еске сала кетсек, 2019 жылы Марат Абиев ауыл шаруашылығын дамыту, дәнді-бұршақты және майлы дақылдарды, оның ішінде тұқым шаруашылығын өсірумен айналысатын компания құрды. 2020 жылдың мамыр-маусым айларында ол Канададан Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарының егістіктеріне егілген ауыл шаруашылығы дақылдарының тұқымын әкелді.

"2020 жылдың қыркүйегінде А. аталған фильмде таратылатын ақпараттың жалған екенін түсіне отырып, оны «YouTube» - те жариялады.

Сонымен қатар, 2020 жылдың қазан айында ол мемлекеттік органдарға өз компаниясының жобасын жүзеге асыру үшін егістік жерлерді беруді талап еткен. Осы өтініштерде ол сондай-ақ Солтүстік Қазақстан бойынша көрсеткіштен 4 есе асатын Канададан алынған тұқымдар негізінде қол жеткізген өнімділігі туралы көрінеу жалған ақпаратты көрсетті.

Бұдан әрі А. 2021 жылғы қаңтарда ҚР бойынша 15-тен астам филиал аша отырып, «Genezis» қауымдастығын («Архитекторы будущего» қоры) заңды тіркеусіз құрды.

Осы бірлестіктің қызметі аясында А. Үкіметке 5 млн. гектар жер беруді талап етіп, петицияға қол жинауды ұйымдастырған. Барлығы 300 мыңға жуық адам адастырылып, петицияға қол қойған", - делінген сот баспасөзінің хабарламасында.

Марат Абиев 2022 жылдың 26 қарашасында Астана қаласындағы түнгі клубта 300-ден астам адамды жинап, онда «Архитекторы будущего» фильмін көпшілік алдында көрсетіп, оның жобасын мақұлдауды талап ету мақсатында жиналғандарды «Ақорда» бағытында митингке шығуға шақырғаны үшін ұсталған еді.

Басқа да маңызды жаңалықтар Telegram арнамызда!

«Хиджабтағы әйелі себеп»: Таразда депутатты неге ұрып тастағаны белгілі болды (ВИДЕО) Мұхамеджан Тазабектің шаңырағында той болмақ Ақтаулық ер адам өз баласын итше төбелестіріп, соны видеоға түсірген (ВИДЕО) «Тырнағын жұлып, қинап, терезеден лақтырған»: Алматыда азаптан қайтыс болған қыздың анасы әділдік сұрайды (ФОТО, ВИДЕО) Жасөспірімдер моншада жуынып жатқан қызды жасырын видеоға түсіріп, ауылға таратқан Сара Назарбаеваның қайтыс болғаны жалған ақпарат болып шықты «Емі 2026 жылы бітеді»: Жұлдыз Әбдікәрімова дертке шалдыққанын, күрделі ем алып жүргенін айтты Алматыда Досаевтың отставкаға кетуін талап ететін митинг өтпек Украинадағы соғыс басталғалы бері Германия 349 ресейлікке босқын мәртебесін берген «Қонақүй жалдаған»: Домбырадан беретін мұғалім 14 жастағы қызбен жыныстық қатынасқа түскен Ер адам досын өлтіріп, денесін өртеп жіберді Павлодарда мәңгілік алау жанында би билеген оқушы қыздар жазаланды «Шариғатта тыйым салынған»: Асанәлі Әшімовтің актрисаларға киімін сыйлағаны сынға қалды (ВИДЕО) Дәрігерлер Таразда соққыға жығылған депутаттың жағдайы туралы айтты Тарбағатай ұлттық паркінің қызметкерлері жалған дипломмен жұмыс істеген АҚШ-та иммиграциялық қысым қарсы 20 штат Трампты сотқа берді «Құрмет» орденінің иегері 8,5 млрд теңге ұрлағаны үшін 8 жылға сотталды Трамп Сирияға салынған санкцияларды алып тастамақ Газ жарылысынан қаза тапқан балалардың суреті жарияланды Таразда депутатты ұрып кетті