Қостанай облысындағы прокурорлар жылу тарифін 33,5% - ға төмендетті

21.10.2023, 12:43
1074
Қостанай облысындағы прокурорлар жылу тарифін 33,5% - ға төмендетті gov.kz

Коммуналдық қызметтерді төмендету ісінде прокурорлар тарифті арзандатты. Бұл туралы smartnews.kz сайты хабарлайды.

Федоров ауданының прокуратурасы монополияға қарсы органмен бірлесіп Федоров ауданы әкімдігінің «Жылу орталығы» МКК монополияға қарсы заңнаманы сақтау мәселесі бойынша талдау жүргізді.

Талдау барысында тарифтік смета шығындарының баптарын бес пайыздан астам орындамауында көрсетілген бұзушылықтар анықталды, бұл табыстың негізсіз алынуына әкелді.

Сонымен қатар, амортизациялық аударымдар құралдарын мақсатсыз пайдалану фактілері анықталды.

2022 жылы негізсіз алынған табыс барлығы 51 млн. теңгені құрады.
Прокуратураның қадағалау актісі бойынша монополияға қарсы орган Федоровка ауылының тұрғындары үшін «Жылу орталығы» МКК өндіретін жылумен жабдықтау тарифін төмендету жөнінде шаралар қабылданды, сондай-ақ уақытша өтемдік тариф бекітілді және 500 тұтынушының құқықтары қорғалды.

Тұрғындарға келтірілген залалды өтеу мақсатында «Жылу орталығы» МКК 2023 жылғы 1 қарашадан бастап тариф 11 183,83 теңгеден 7 435,58 теңгеге дейін, яғни 33,5%-ға төмендетілетін болады.

Басқа да маңызды жаңалықтар Telegram арнамызда!

Баян Алагөзова өзін «Баян-шаян» деп келемеждеген емшіні сотқа бермек «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім» деген ресейлік әйел қамауға алынды Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі неге әлеуметтік желіден жоғалып кеткенін ашып айтты «Баспен құлады»: Ақмола облысында 61 жастағы ер адам биіктіктен құлап көз жұмды Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды