Әділет экс-министрі ұсталды
Антикор Әділет экс-министрі ұсталғаны жөнінде мәлімдеме жасады.
Антикоррупциялық қызмет Мемлекет басшысының заңсыз шығарылған активтерді іздеу және қайтару жөніндегі тапсырмасын орындау шеңберінде Әділет экс-министрін лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдаланды деген күдік бойынша ұстады.
Ол талап етілмейтін қызметтерді көрсетуге жыл сайынғы келісімшарттар жасау арқылы үлестес компанияның мүдделерін қолдады. Бұл әрекет мемлекетке үлкен зиян келтірді.
Активтерді қайтару бойынша жұмыс жалғасуда.
Басқа да маңызды жаңалықтар Telegram арнамызда!
Материал авторы
Дана Асылбекқызы
Тілші