Елімізде жұмыртқа бағасы аяқасты шарықтады
Ұлттық статистика бюросы мәліметінше, баға өткен аптадан бері 4 пайыздай көтерілген.
Аймақтар арасында құнның шарықтауы бойынша көш бастап тұрған Атырау. Мұнда жұмыртқа бір аптада 9 пайызға қымбаттады. Бұған себеп, өңірде өнім өндірісінің азаюы. Жергілікті құс фермалары сұранысты қамти алмаған соң, баға көтерілген. Мамандардың айтуынша, өткен жылғы көрсеткішпен салыстырғанда өндіріс көлемі 73 пайызға азайып отыр.
Басқа да маңызды жаңалықтар Telegram арнамызда!
Материал авторы
Дана Асылбекқызы
Тілші