Астана тұрғындары Республика күніне орай 1000-нан астам ту ілді

21.10.2023, 15:08
853
Астана тұрғындары Республика күніне орай 1000-нан астам ту ілді gov.kz

Елордада «Менің елім – менің туым!» челленджі аясында қала тұрғындары 1000-нан астам ту ілді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты. Бұл туралы smartnews.kz сайты хабарлайды.

Республика күнін мерекелеу қарсаңында елорда тұрғындары «Менің елім – менің туым!» челленджін өткізді. Астананың 5 ауданында терезелер мен балкондарға және көше бойына 1000-ға жуық ту ілінді.

«Астана жастары»еріктілеріі мемлекеттік рәмізді дәріптеу бойынша алғашқылардың бірі болып үлкен акцияны бастады. Instagram желісінде олар қазақстандықтарды өздерінің тумен түскен фото/видеоларын жариялауға және #RepublicDay #РеспубликаКүні #kzdayrepublic хэштегімен белгілеуге шақырды.

Еріктілердің айтуынша, патриоттық шара жыл сайын өткізіледі. Бұл тек безендірілген үйлердің тұрғындарының ғана емес, елорда көшелерімен өтіп бара жатқан адамдарды да қуанышқа бөлейді.
Астаналықтар бұл бастаманы жылы қабылдап, акцияға қосылды.

«Мұндай көрініс ерекше әсер береді. Жұмысқа бара жатқанда осы көрініске көз жүгіртіп, еріксіз көңіл күйім көтеріледі. Менің ойымша, адамдарды күнделікті күйбең тірліктен алшақтатып, ойын бөлу керек», – деп бөлісті Астана тұрғыны Тамара Суворина.

Айта кетейік, қаланың орталық көшелерінде (Тәуелсіздік, Б.Момышұлы даңғылдары, Сарайшық, Сығанақ, Достық көшелері, Республика, Ұлы дала даңғылдары және т.б.), жол бойында ҚР тулары ілінген. 

Жалпы Астана қаласы бойынша мыңнан астам ту ілінді. Акция жалғасуда.

Басқа да маңызды жаңалықтар Telegram арнамызда!

Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО)