693

Жетісуда 2 мың тоннадан астам қоқыс шығарылып, 6500 ағаш егілді

Бүгін Жетісу облысында Республика күнінің қарсаңында «Жаңа Қазақстан. Таза табиғат» аясында экологиялық сенбілік өткізілді. Бұл туралы smartnews.kz сайты әкімдікке сілтеме жасап хабарлайды.

Жетісуда 2 мың тоннадан астам қоқыс шығарылып, 6500 ағаш егілді
gov.kz

Сенбілік аясында барлық аудан-қалаларда 28 мыңдай адам елді мекендерді тазалауға шықты. 

“Шараға облыс әкімі Бейбіт Исабаев қатысып, Талдықорғандағы коттедж қалашығының маңына ағаш екті. Осы күні облыста 2 мың тонна қоқыс шығарылып, 6500 жапырақты және қылқанжапырақты жас көшет отырғызылды, - деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Экоакцияға барлығы 27 742 адам қатысып, 312 арнайы техника жұмылдырылды. Соның нәтижесінде 1120 км автомобиль жолы, 400 км арық желілері тазартылды, 2002 тонна қоқыс шығарылды және 6456 ағаш көшеті оның ішінде 5956 жапырақты, 500 қылқан жапырақты ағаш отырғызылған. 

Ал Талдықорған қаласы әкімдігінің мәліметінше, сенбілікке  6 мыңнан астам адам шығып, 38 бірлік техника тартылған. Осы күні қала аумағында 200 үйеңкі ағашы отырғызылған.

Материал авторы