1299

Университетке «Марғұлантану» пәні енгізілді

Пәннің мақсаты – оқушыларды патриоттыққа тәрбиелеу, деп smartnews.kz сайты Pavlodarnews басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Университетке «Марғұлантану» пәні енгізілді
pavlodarnews

Марғұлан университеті гуманитарлық ғылымдар жоғары мектебінің доценті Зият Айткенов студенттер арасында «Әлкей Марғұланның этнографиялық зерттеулері» тақырыбында ашық сабақ өткізді. 

Биыл Марғұлан университетінің «Тарих» білім бағдарламасының оқу үдерісіне жаңа «Марғұлантану» пәні енгізілді. «Марғұлантану» пәні бойынша әдістемелік құралды филология ғылымдарының докторы, профессор Сейфитден Сүтжанов пен тарих ғылымдарының кандидаты, доцент Зият Айткенов әзірлеуде.

– Пәннің мақсаты – көрнекті ғалым, археолог, шығыстанушы, тарихшы, әдебиеттанушы, өнертанушы Әлкей Хақанұлы Марғұланның өмірі мен шығармашылығын мысалға ала отырып, оқушыларды патриоттыққа тәрбиелеу, белсенді азаматтық ұстанымын қалыптастыру, ғылымға деген ынтасын арттыру, – дейді университетте. 

«Марғұлантану» пәнінің оқу бағдарламасына академик Әлкей Марғұланның шығармашылық өмірбаянын және оның тарих, этнография, археология және филология ғылымдарының дамуына қосқан үлесін, этнофольклор мен этнопедагогикаға қатысты ғылыми еңбектерін зерттеу кіреді.

Материал авторы