Ердоған Израильді жазықсыз балалар мен әйелдерді өлтіруді дереу тоқтатуға шақырды

22.10.2023, 10:13
622
Ердоған Израильді жазықсыз балалар мен әйелдерді өлтіруді дереу тоқтатуға шақырды stan.kz

Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында Израильге үндеу жасады.

"Қатені түзетудің және  ақылмен әрекет етудің орнына, Израиль әкімшілігі аймақтан алыстағы субъектілерді арандататын ұйым ретінде әрекет етіп жатыр", - деді Түркия басшысы.

Ердоған Газа секторына шабуылдардың көбеюі жағдайды ушықтырып, өлім мен көз жастан басқа ештеңе әкелмейтінін атап өтті.

"Балаларды, әйелдерді және бейбіт тұрғындарды өлтіру, ауруханаларды, мектептерді, мешіттер мен шіркеулерді жару арқылы қауіпсіздікті қамтамасыз ету мүмкін емес екені анық", - деп жазды Ердоған.

Түркия президеньң  барлық мемлекеттер мен халықаралық ұйымдарды Газада атысты тоқтату режимін тезірек белгілеу жөніндегі бастамаларды қолдауға шақырды.

"Мен Израиль үкіметін бейбіт тұрғындарға жасалған шабуылдарды одан әрі көбейтпеуге және халықты жоюға бағытталған әрекеттерді дереу тоқтатуға шақырамын", - деді Ердоған

"Біздің аймақ мұсылмандардың, яһудилердің, христиандардың және осы жерлерде тұратындардың қауіпсіздігіне кепілдік беретін жаңа механизмдерді құра отырып,  тұрақтылыққа жетеді деп сенеміз. Түркия қантөгістің, гуманитарлық трагедиялардың алдын алуға және Палестинадағы қақтығысты шешуге өз үлесін қосуды жалғастырады", - деп атап өтті Ердоған.

Айта кетейік, Газадағы Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметі бойынша, 7 қазаннан бастап Израиль армиясының Палестина эксклавына жасаған соққыларының салдарынан кем дегенде 4137 адам қаза тапты, оның ішінде 1524 бала мен 1000 әйел бар. 13 мыңға жуық тұрғын жарақат алды, 1000-нан астам адам қираған үйлер мен нысандардың үйінділерінің астында қалды. Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз хатшысы Ашраф Аль-Кудраның айтуынша, атыс салдарынан Газадағы жеті аурухана жұмысын толығымен тоқтатты.

Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан Freedom Travel төңірегіндегі жанжал: отадан шыққан егде жастағы жолаушылар күні бойы әуежайда отырған Украина тұтқынындағы қазақстандық Ресей билігіне үндеу жасады Өскеменде 356 млн теңгені қолма-қол ақшаға айналдырғандардың ісіне шенеунік те араласқан Атырауда қыздың өлімі үшін сотталған мүсіншіге қатысты үкім жойылды Құлсарыдағы ерлі-зайыпты қаза тапқан жарылыстың себебі әшкере болды