Сара Назарбаева институты мен «Жас ұлан» мектебінің атауы өзгертіледі
Республикалық ономастикалық комиссия жеті оқу орнының атын өзгертуге рұқсат берді, деп smartnews.kz сайты "ҚазТАГ" сілтеме жасап хабарлайды.
Бұл санға Нұрсұлтан Назарбаевтың әйелі негізін қалаған «Адамды үйлесімді дамытудың ұлттық институты» кіреді. Енді ол «Өркен» ұлттық ғылыми-практикалық балалардың хал-ахуалы институты» КЕАҚ деп аталады.
Сондай-ақ Рудный индустриалды институты «Рудный индустриалды университеті» деп өзгерді.
Бауыржан Момышұлы атындағы «Жас Ұлан» Алматы республикалық мектебі – Бауыржан Момышұлы атындағы Әскери колледжге ауысты.
Кеңес Одағының екі мәрте Батыры Талғат Якупбекұлы Бигелдинов атындағы «Жас Ұлан» Қарағанды республикалық мектебі – Талғат Бигелдинов атындағы Әскери колледжге ауысты.
Кеңес Одағының Батыры Сабыр Рахымов атындағы «Жас Ұлан» Шымкент республикалық мектебі – Сабыр Рахымов атындағы Әскери колледжге ауысты.
Ішкі істер министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің Оқу орталығы – Ішкі істер министрлігінің оқу орталығына ауысты.
Электр энергиясы мен қуаты нарығының қазақстандық операторы – қазақ тіліндегі толық атауы: «Электр энергиясы мен қуаты нарығының қазақстандық операторлары» деп өзгертілді.
Материал авторы