675

Бейнекамераның көмегімен велосипед ұрлаған астаналық ұсталды

Астанада велосипед ұрлаған жігіттің видеосы камераға түсіп қалған. Бұл туралы smartnews.kz сайты хабарлайды.

Бейнекамераның көмегімен велосипед ұрлаған астаналық ұсталды
видеодан алынған кадр

Жас жігіт ұрлық жасағаннан көп өтпей ұсталған. 26 жастағы елорда тұрғыны тергеу барысында оңай жерден олжалы болу үшін қараусыз қалған велосипедтер іздегенін айтқан.

Осылайша ол кешкі уақытта қараңғылықты пайдаланып, дәмхана алдындағы велосипедті айдап кеткен. 

Жәбірленушіге 50 мың теңге көлемінде шығын келтірген күдіктінің ісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.

Материал авторы