Енді WhatsApp арқылы министрге тікелей шағым түсіруге болады

22.10.2023, 16:29
855
Енді WhatsApp арқылы министрге тікелей шағым түсіруге болады BongkarnGraphic / Shutterstock.com

ҚР Төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпханов қазақстандықтар заңсыз әрекеттер мен сыбайлас жемқорлық фактілері туралы тікелей WhatsApp арқылы жаза алатынын айтты. Бұл туралы smartnews.kz сайты stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

"Министрлік басшылығына азаматтық қорғау органдары қызметкерлерінің сенім деңгейін арттыру үшін біз басқарудың барлық деңгейінде ашық және айқын коммуникация жүргізудеміз. Біз үшін әр жағдайды объективті бағалау және қажет болған жағдайда тиісті шаралар қабылдау маңызды”, – деді министр.

Оның сөзінше, ТЖМ бөлімшелерінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың тиімділігін арттыру үшін биылғы жылғы қазан айында "Integrity check" қызметкерлерді адалдыққа тексеру пилоттық жобасы енгізілді. Жоба ондай теріс пиғылды қызметкерлерді дер кезінде анықтауға және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың жолын кесуге мүмкіндік береді.

"Integrity check" іске қосылғаннан бері ТЖМ қызметкерлерінің шоттарына белгісіз тұлғалардан қаражаттың аударылғаны туралы 17 хабарлама келіп түсті.

Біздің қызметкерлеріміздің 99,9%–ы өз өмірі мен денсаулығын қауіп-қатерге тігіп, өз қызметін адал және абыроймен атқаратын адамдар екенін мақтан тұтамын. Алайда, қатарымызда теріс пиғылды қызметкерлер де болуы мүмкін екенін мойындаймын”,- деді Сырым Шәріпханов.

Сондай-ақ, ол барлық қазақстандықтарды сыбайлас жемқорлыққа қарсы профилактикаға қатысуға шақырды.

"Егер сіз төтенше жағдайлар министрлігінің қатарында қандай да бір сыбайлас жемқорлық сәттерін байқасаңыз, бізге міндетті түрде хабарлаңыз. Әр өңірдегі төтенше жағдайлар департаменттерінде тәрбие бөлімшелері құрылды, сенім телефондары да бар, олар арқылы да жүгінуге болады.

Тіпті менің ватсап (7 747 651 75 88) нөміріме жазуға болады, Instagram және Facebook-те де менің жеке парақшаларым бар. Сонымен қатар, Е-өтініш сервисі арқылы ресми өтініш жолдауға болады.

Біз адамдарға көмекке келетін қызметпіз. Сондықтан қоғамның бізге деген сенімі басымдыққа ие. Адамдарды құтқарудың игі ісінде сыбайлас жемқорлыққа жол берілмейді”, – деді министр.

Бектеновсіз өткен сот: Алимов заңсыз өндірілген 8,2 млн теңгені қайтарғысы келмей отыр Ердоған Түркістанда кортежін тоқтатып, тұрғындармен амандасты (ВИДЕО) Семейде балаларға қарап әдепсіз әрекет жасаған ер адам ұсталды (ВИДЕО) Шавкат Рахмоновтың бұрынғы жары бесінші рет ана атанды Баян Алагөзова өзін «Баян-шаян» деп келемеждеген емшіні сотқа бермек «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім» деген ресейлік әйел қамауға алынды Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі неге әлеуметтік желіден жоғалып кеткенін ашып айтты «Баспен құлады»: Ақмола облысында 61 жастағы ер адам биіктіктен құлап көз жұмды Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр