Ат спорты шеберлерін дайындау үшін жаңа мамандық ашылмақ
Ат спортынан кәсіби мамандар даярлау қолға алынды. Бұл туралы smartnews.kz сайты хабарлайды.
Қазақ спорт және туризм академиясының Президенті Қайрат Закирьянов мен ҚР этноспорт қауымдастығының вице-президенті Тастанбек Есентаев екіжақты келісім шартқа қол қойды.
Мақсат - бірлесе отырып ұлттық спорт түрлерінен, соның ішінде ат спортын дамыту мақсатында білім беру бағдарламасын құрастыру.
«Аударыспақ, жамбы ату, көкпар, бәйге сияқты ұлттық спорт түрлері - ата-бабаларымыз мұра еткен асыл қазына. Атқа міну, шабу – біздің қанымызда бар қасиет. Ұлттық құндылығымызды жоғалтпай, халықаралық дәрежеде көтеруді қолға алғанымыз жөн. Ат спортын дамыту үшін барынша қызмет етуге Қазақ спорт және туризм академиясы да әрдайым ықыласты», - деді Қайрат Закирьянов.
Алдағы уақытта білім беру бағдарламасын әзірлеу және іске асыру жөніндегі бірлескен іс-шараларды өткізу жоспада тұр.
Материал авторы