Израиль Дамаск пен Алеппо әуежайларына шабуыл жасады
Шабуыл кесірінен бір сириялық қайтыс болса, тағы біреуі жараланды. Бұл туралы smartnews.kz сайты aa.com.tr басылымына сілтеме жасап хабарлады.
Дамаск халықаралық әуежайының азаматтық қызметкері жексенбі күні таңертең Израильдің шабуыл әрекетінен қаза тауып, тағы біреуі жарақат алды.
"Жексенбі күні таңғы сағат 05:25 шамасында израильдік жау бір уақытта Латакиядан батысқа қарай Жерорта теңізінен және басып алынған сириялық Голандардан зымыран толқындарын атып, Дамаск пен Алеппо халықаралық әуежайларын нысанаға алып, әуе шабуылын жасады", - делінген әскери дереккөз мәлімдемесінде.
Сондай-ақ мәлімдемеде шабуыл Дамаск әуежайында азаматтық қызметкердің шейіт болуына, басқа қызметкердің жаралануына себепкер болды. Сонымен қатар екі әуежайдың ұшу-қону жолақтарына материалдық зиян келтіргені жөнінде жазылған.
Материал авторы