Продюсер Нұртас Адамбай Израильді қолдаған ресейлік әншінің Алматыдағы концертіне тыйым салуды талап етті

23.10.2023, 09:41
2468
Продюсер Нұртас Адамбай Израильді қолдаған ресейлік әншінің Алматыдағы концертіне тыйым салуды талап етті stan.kz

Шоумен Нұртас Адамбай Израиль армиясын қолдаған ресейлік музыкант Андрей Макаревичтің Алматыдағы концертіне тыйым салуға шақырды.

Ресейлік рок әнші Андрей Макаревич өз парақшасында Израильді қолдайтынын айтты.

"Андрей Макаревич Израиль армиясына сәттілік тілепті. Не үшін сәттілік? Палестинаның бейбіт тұрғындарын сәтті өлтірсін деп пе? Бұған дейін ол "маған қару берілмеді"деп өкініш білдірді. Демек өзі де бұл қылмыстарға қарсы емес болып тұр ғой?", – деді Нұртас Адамбай.

Андрей Макаревичтің Алматыдағы концерті 1 желтоқсанға жоспарланған.

"Жеке өз басым оның елге келуіне қарсымын. Мұсылмандарды өлтіруді қолдайтындар үшін Қазақстанда орын жоқ. Макаревичтің еліміздегі концертін өткізбеу керек! Қырғыз бауырларымыз да оның Бішкекке келуіне қарсы", – дейді шоумен.

Ресейдің Украинаға қарсы шабуылы басталғаннан кейін Макаревич Израильге көшіп кетті. Ол Ресейдің иноагенті тізіміне кірген.

Ақбота Керімбекова ұлының үйлену тойын үйінің ауласында өткізді (ВИДЕО) Танымал актриса Әлия Әнуарбекке сырға салынды (ВИДЕО) «Қалаулым» қатысушысы өзін-өзі өртемек болды (ВИДЕО) Жетісу облысында 5 жасар қызды қағып өлтірген мас жүргізушіні сот босатып жіберген «Теңіздегі бес жұлдызды қонақүй»: Енді Каспий теңізінде круиздік лайнер қатынайды Шерзат Болаттың өліміне қатыс сот үкімі 5 маусымда шығарылады Зеленский Трамптан Ресейге қарсы жаңа санкциялар енгізуді сұрады Өскеменде ер адамды өлтіріп, мәйітін аурухана маңына тастап кеткендер ұсталды Ақжарқын Тұрлыбайдың ісі бойынша қолдан келгеннің бәрін жасадық – СІМ Айжұлдыз бен Сәкеннің Мальдивтегі романтикасы күтпеген жағдаймен аяқталды (ВИДЕО) Пәкістанда бала некесіне заңмен тыйым салынды Астанада түрік азаматы «тыйым салынған заттар» туралы әзілдеймін деп қамауға алынды Ұлыбритания соғысқа дайындық режиміне көшті – Стармер 21 млрд теңге жымқырған: «Amanat Drive» қаржы пирамидасы әшкереленді Haribo конфеттерінен каннабис табылды Каналға шомылуға барған бала суға батып кеткен Басты айыпталушы Абзал Шынасыл тағылған айыппен келіспейтінін мәлімдеді Сотталушы Шерзаттың өліміне әкесі Қаржаубайды кінәлады Синоптиктер Алматы мен Астана тұрғындарына ауа ластануына байланысты ескерту жасады «Кемпір-шал»: Сәкен Майғазиев пен жары бір-біріне қандай ерекше ат қойғанын айтты