Телеарна тілшілерінің хабарлауынша, алматылық ержүрек бойжеткеннің есімі Ляйля Тәжібаева. Ол Алматы маңында парашютпен секіріп, қобызда еліміздің ұлттық күйін орындаған.
Телеарна мәліметіне сүйенсек, қобызшы бұл батыл әрекетін Республика күніне арнаған. Сондай-ақ бойжеткен жоспары бойынша орындалған композицияның фонында Қазақстанның көк туын желбіреткен.