Ер адам есепшотты төлемес үшін өтірік ауырып, 20 мейрамхананы алдап соққан

23.10.2023, 13:34
857
Ер адам есепшотты төлемес үшін өтірік ауырып, 20 мейрамхананы алдап соққан dailymail.co.uk

Алаяқ мейрамханада 20 рет өтірік жүрек талмасы болғандай кейіп танытып, есепшотты төлемеген. Бұл туралы Daily Mail сайты хабарлайды.

Испаниялық Айдас Дж. Аликанте қаласындағы 20 мейрамханада өтірік ауырып қалып, шотты төлемеген.

Ол тамақтанып алған соң еденге құлап, жүрегі ауырғандай кейіп танытуды әдетке айналдырған.

Айдас әрекеті шындыққа жанасу үшін тіпті медициналық көмекке жүгінген. Ол Эль-Буэн-Комерде екінші рет осылай жасаған кезде өтірігі шықты.

"Ол жерге құлап, кеудесін ұстап, дірілдей бастады", – деді мейрамхана қызметкері.

Жергілікті полицияның айтуынша, ол өзгеше киім киіп, испан тілінде сөйлемейтін орыс турисі болып кейіп танытады.

El buen Comer менеджері Айдастың суретін басқа мейрамханаларға жіберіп, оның алаяқ екенін ескерткен.

Ол мейрамханаларда үнемі бірнеше стакан қымбат виски, салат және антрекот немесе лобстер сияқты тағамдарға тапсырыс береді екен.

Ол екі рет айыппұл төлеуден бас тартқан. Сол үшін енді 42 күн түрмеге жабылды.

Ол қылмыстық әрекетін екі ай бойы жасап келген.

Мейрамханалардың иелері алаяқты ұзағырақ отырғызу үшін бірлескен шағым беруге ниетті.

Есепшоттардың жалпы сомасы – 766 еуро (388 мың теңге).

«Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді