616

Газа секторында Қазақстан азаматы мен оның 23 жастағы қызы мерт болды

Газа секторында қазақстандық әйел қызымен бірге қаза тапқан.

Газа секторында Қазақстан азаматы мен оның 23 жастағы қызы мерт болды
stan.kz

Қазақстандық Юлия Әбу-Меалақ Газа секторын атқылау салдарынан қаза тапты. 

“22 қазанда Газа секторын атқылау салдарынан Қазақстан азаматы қаза болды. Өкініштісі, онымен бірге Палестина азаматы болған оның 23 жастағы қызы да мерт болды”, – деп мәлімдеді сыртқы істер министрлігінің өкілі.

Отандасымыздың күйеуі – Палестина азаматы. Олар Газа секторында ұзақ уақыт бойы тұрған.

7 қазанда басталған Палестина мен Израиль арасындағы қақтығыс күшеюде. Қазақстан елшілігінің мәліметінше, Израильде консулдық есепте тұрмайтын 400-ден астам Қазақстан азаматы болуы мүмкін.