Көлік министрі 4 жылдан бері салынып жатқан жол учаскесіне барды

23.10.2023, 20:27
620
Көлік министрі 4 жылдан бері салынып жатқан жол учаскесіне барды gov.kz

Көлік министрі Марат Қарабаев Атырау облысына жұмыс сапарымен барды, деп хабарлады министрліктің баспасөз қызметі.

Ведомство басшысы «Атырау – РФ шекарасы (Астрахань)» автожолының учаскелеріндегі қайта жаңарту жұмыстарын бағамдап қайтты. Ол құрылыс жұмыстары жүріп жатқан 3 учаскеге барып, бірнеше жиналыс өткізді. Исатай ауылындағы базада министрге «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясының, «Ақжол құрылыс», «Тодини», «СМС» ЖШС мердігер ұйымдарының өкілдері есеп берді.

«Атырау – РФ шекарасы (Астрахань)» автожолы «Астрахань – Атырау – Ақтау – Түрікменстан шекарасы» халықаралық дәлізінің бөлігі болып саналады.

«Атырау-Астрахань» жобасы бойынша жұмыс 2019 жылдан бері жүргізіліп келеді. Учаскенің жалпы ұзындығы – 277 шақырым. Осылайша, 2020 жылы №5 учаске (833-853 шақырым) пайдалануға берілген. Жыл соңына дейін ұзындығы 40 шақырым №6 (853-893 шақырым) учаскені тапсыру жоспарланып отыр. 217 шақырым жол (616-833 шақырым) ЕҚДБ қарызы есебінен қайта жаңартылып жатыр. Бүгінде 217 шақырымнан 167 шақырымға дейінгі жабынның төменгі қабаты пайдалануға берілген. Жыл соңына дейін бүкіл учаске пайдалануға беріледі деп көзделіп отыр. Жобаның толық аяқталуы 2024 жылға жоспарланған, - деп жазылған хабарламада.

Мердігерлермен өткен жиналыс барысында Көлік министрі президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың аталған жол учаскелерін қайта жаңарту жобасына ерекше назар аударып отырғанын атап өтті. Осыған байланысты Марат Қарабаев тасжолды пайдалануға берудің жоспарланған мерзіміне жету үшін құрылыс қарқынын төмендетпеуді тапсырды.

Қоғамдық көліктегі қызға тиіскен ер адам желі қолданушыларын ашуландырды (ВИДЕО) Абай облысының әкімдігі 170 миллион теңгеге «қонақтар үшін» жаңа автокөлік сатып алмақ Илон Масктың шок! Қазақстан түрмесіндегі жігіт Starlink интернетін орнатып, есірткі сатқан Ташкентте екі жігіт iPhone сататын дүкенді тонап, құрылғыларды 100 доллардан сата бастаған Баян Алагөзова ресейлік әріптестерінен төмен гонорар алудан бас тартқанын айтты Белгілі блогер өгей қызын айлар бойы зорлаған Украина шетелдегі азаматтары үшін қос азаматтықты заңдастырды Павлодарда бұрынғы әйелін көлікпен қағып, мүгедек еткен еркек сотталды Депутат Тұрлыхановтың ұлы жазасын айыппұлға ауыстыру туралы өтінішін қайтарып алды Латвия Ресей мен Беларусь азаматтарына үй сатып алуға тыйым салды Сахнадан көрінбей кеткен Данэлия Төлешова Қытайды дүр сілкіндірді (ВИДЕО) «Хезболла» Хаменейге қастандық жасалса, «ешкімді аямайтынын» айтты Ақтауда шетелдік дәрігерлер үш балаға күрделі ота жасады Маңғыстауда белгісіз ұшатын аппарат табылды Павлодардағы жойқын дауыл: 10-нан астам тұрғын жарақат алып, бір адам қаза болды Иранның БҰҰ-дағы өкілі: «Еуропа Израильді айыптап, қолдауын тоқтатуы тиіс» Сенсация! Қазақстандық теннисші Әлемнің бірінші ракеткасын ойсырата жеңді Бүгін бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды Ұланғасыр Қами жаңа зәулім үйіне анасын көшіріп алды (ВИДЕО) Мадина Сәдуақасова ұлына туған күніне орай мектеп жанынан пәтер сыйлады