Индонезиялық ғалым ALTYNSARIN INSTITUTE студенттерімен цифрлық сауаттылықтың маңыздылығын талқылады

24.10.2023, 14:10
882
Индонезиялық ғалым ALTYNSARIN INSTITUTE студенттерімен цифрлық сауаттылықтың маңыздылығын талқылады gov.kz

Ы. Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық институтында қазақстандық және шетелдік ғалымдардың қатысуымен «Оқушылардың цифрлық сауаттылығын қалыптастыру және дамыту жолдары» атты халықаралық әдістемелік семинар өтті.

Семинар аясында қазақстандық ғалымдар мен студенттер Индонезиядан шақырылған шетелдік ғалым Сұлтан Сайриф атындағы Мемлекеттік Ислам университетінің техникалық және кәсіптік білім докторы, профессор Мухаммад Лутфимен ғылыми ақпараттармен алмасты.

Өз сөзінде шетелдік ғалым цифрландыру және ақпараттық технологияларды дамыту арқылы өңірдегі оң өзгерістерге және республика экономикасын аса қажетті кадрлармен толықтыруға жол ашылғанын атап өтті.

Бұл шараға Алматы, Түркістан, Қостанай облыстарының мектеп мұғалімдері де белсенді түрде қатысып, цифрлық сауаттылық, цифрлық технологиялар мен робототехниканы білім беруде қолдану бойынша тәжірибелерімен бөлісті.
Президент Қ.К.Тоқаев Digital Bridge форумында сөйлеген сөзінде – Қазақстанда оқушыларды цифрлық сауаттылыққа және информатикаға оқыту сапасын арттыруды тапсырғандығын атап өту керек.

Халықаралық семинар тыңдаушылары айтулы шараның өткізілуін жоғары бағалады. Олар Индонезиядан шақырылған шетелдік ғалым Мұхаммед Лутфиге, сондай-ақ «Информатика және Информатика, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» білім беру бағдарламасының ұйымдастырушыларына ерекше алғыстарын білдірді.

Шара соңында баяндамашылар алғыс хаттар және сертификаттармен марапатталды.

Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан Freedom Travel төңірегіндегі жанжал: отадан шыққан егде жастағы жолаушылар күні бойы әуежайда отырған Украина тұтқынындағы қазақстандық Ресей билігіне үндеу жасады