Саят Медеуов: "Негізгі мамандығым - аспап жасайтын шебер"

24.10.2023, 16:35
717
Саят Медеуов: "Негізгі мамандығым - аспап жасайтын шебер" sayat_medeuov_888

Белгілі әнші Саят Медеуовтің негізгі мамандығы өнерден алыс емес. Әнші Анна Данченкоға берген сұхбатында не себепті аспап жасайтын шебер болғанын түсіндірді.

“Алматыға 1988 жылы оқуға келдім. №14 кәсіптік-техникалық училищеде қазақтың ұлттық аспаптарын жасайтын мамандықта оқыдым. Ол кезд баламыз. “Жас шебер” деген оркестр болды. Сол оркестрде ән айттым, күй тарттым. Онымен ел араладық, фестивальдерге барып, жеңімпаз атандық. Сол кезден бастап осы қаладамын. Негізгі мамандығым - аспап жасайтын шебер. Шебердің оқуын оқыдым. Өйткені әкем өте шебер кісі болатын. Қолымен ер шабады, ағаштан да, темірден де арба жасайды. Бір сөзбен айтқанда ұста болатын. Ауылдағы әр үйде әкемнің жұмысы бар шығар. Біреуге пышақ, біреуге шана, арба жасап берген”, – дейді Саят Медеуов.

Әншінің айтуынша, өнерге де қабілеті де әкесінен дарыған.

“Әкем баян тартатын. Өте мықты баянист болды. Былайша айтқанда сегіз қырлы, бір сырлы адам еді. Зілтемір көтеретін, батыл, ештеңеден қорықпайтын, тайсалмайтын адам болатын. Ұрғанда да соққысы қатты тиетін еді. Маған тимейтін. Бала күнімде ауылдағы адамдарды ұрағанын көргенмін. Бойы аласа болса да көбі әкемнен жасқанатын. Ол кісінің тәрбиесін алдық, бірақ әкемдей еңбекқор бола алмадық”, – дейді өнер иесі.

Ақбота Керімбекова ұлының үйлену тойын үйінің ауласында өткізді (ВИДЕО) Танымал актриса Әлия Әнуарбекке сырға салынды (ВИДЕО) «Қалаулым» қатысушысы өзін-өзі өртемек болды (ВИДЕО) Жетісу облысында 5 жасар қызды қағып өлтірген мас жүргізушіні сот босатып жіберген «Теңіздегі бес жұлдызды қонақүй»: Енді Каспий теңізінде круиздік лайнер қатынайды Шерзат Болаттың өліміне қатыс сот үкімі 5 маусымда шығарылады Зеленский Трамптан Ресейге қарсы жаңа санкциялар енгізуді сұрады Өскеменде ер адамды өлтіріп, мәйітін аурухана маңына тастап кеткендер ұсталды Ақжарқын Тұрлыбайдың ісі бойынша қолдан келгеннің бәрін жасадық – СІМ Айжұлдыз бен Сәкеннің Мальдивтегі романтикасы күтпеген жағдаймен аяқталды (ВИДЕО) Пәкістанда бала некесіне заңмен тыйым салынды Астанада түрік азаматы «тыйым салынған заттар» туралы әзілдеймін деп қамауға алынды Ұлыбритания соғысқа дайындық режиміне көшті – Стармер 21 млрд теңге жымқырған: «Amanat Drive» қаржы пирамидасы әшкереленді Haribo конфеттерінен каннабис табылды Каналға шомылуға барған бала суға батып кеткен Басты айыпталушы Абзал Шынасыл тағылған айыппен келіспейтінін мәлімдеді Сотталушы Шерзаттың өліміне әкесі Қаржаубайды кінәлады Синоптиктер Алматы мен Астана тұрғындарына ауа ластануына байланысты ескерту жасады «Кемпір-шал»: Сәкен Майғазиев пен жары бір-біріне қандай ерекше ат қойғанын айтты