Үй ішінде үй: Әр пәтердің ішіне брондалған бункер

24.10.2023, 20:38
844
Үй ішінде үй: Әр пәтердің ішіне  брондалған бункер canva.com

Қазіргі уақытта апаттардан, соғыстардан қорғану мәселесі барлық елдерде өзекті.

Елдер бомбадан қорғанатын арнайы жертөлелер салуды немесе жертөлеге ұқсас орындарды қорғанысқа ыңғайлауды ойластырып жатыр. Көптеген елдерде бомбадан қорғанатын орын проблемасы бар. Бомбадан қорғану мәселесі Қазақстанды да ойландырады. Жаман айтпай, жақсы жоқ деген, ертең бірдеңе бола қалса адамдар жасырынып жан сақтайтын орындар керек.

Шыны керек, бейбіт тұрғындардың бомбадан бас сауғалап жертөлеге тығылуы XXI ғасырға тіпті жараспайтын көрініс. Өкінішке қарай қазіргі заман соғыстарында әлемнің түпкір-түпкірінде бірінші кезекте кінәсі жоқ бейбіт тұрғындар зардап шегіп жатыр.

Төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпханов Орталық коммуникациялар қызметінде брифинг өткізді. Онда бомбадан қорғануға жарайтын нысандар жайлы әңгіме болды. Министрдің айтуынша, жертөле етіп салынған автотұрақтар мен метролар және басқа да құрылыстар бомбадан қорғайтын орынның ролін атқара алады. Тек бұл нысандарды қарапайым қорғаныс құрылымдарына бейімдеу керек. Қазір жоғары жақта осы мәселе пысықталып жатқанға ұқсайды. Әлемде болып жатқан оқиғаларға байланысты қажет болған жағдайда бейбіт тұрғындарды қорғау мәселесі өзекті болып қала беретінін министрдің өзі айтып отыр.

Сырым Шәріпханов, ҚР Төтенше жағдайлар министрі:

«Ғылыми жоба бар, соған сәйкес біз қызметкерлер мен халықты контейнерлік қорғаныс құрылымдарында паналау мүмкіндігін әзірлеп жатырмыз. Мұндай қорғаныс құрылымының прототипі дайын, Азаматтық қорғаныс академиясымен әзірленген және тіпті Астана аумағында өрт сөндіру бөлімдерінің бірінде орналасқан. Біз бұл мәселені де алға жылжытамыз және жақын арада шешуге тырысамыз».

Министр бұған дейін ірі кәсіпорындардың жанында орналасқан бомбадан қорғанатын орындар болғанын еске салды. Бұрындары жұмысшылары ауысыммен істейтін үлкен кәсіпорындардың жанында бомбадан қорғанатын орындар салынатын болыпты. Бұл, бір жағынан, кәсіпорынның тоқтаусыз жұмыс істеуіне, яғни жұмысшылардың ауысымы үзілмеуі үшін де керек болған көрінеді. Соғыс қимылдары кезінде кәсіпорындардың жанында бомбадан қорғанатын орынның болуы бірінші кезекте жұмысшылардың өмірін сақтаумен және өндіріс қажеттілігімен байланысты. Кәсіпорындардың жанындағы ондай жертөлені өзге тұрғындар да уақытша паналай алады. Негізінен, тұрғындар қауіпсіз жерге көшіріледі немесе жертөле, метро сияқты орындарды паналайды. Қазақстанда бомбадан қорғанатын нысан нешеу екенінің мәліметін министр  келтірмеді. Ол құпия болса керек.

Бомбадан қорғану мәселесіне үлкен ыждағаттылықпен және жауапкершілікпен қарайтын елдер аз емес. Олар қала құрылысы кезінде ондай нысанның жеткілікті болуын алдымен ескереді. Себебі бәрінен де тұрғындардың өмірі қымбат. Тіпті әрбір отбасыға арналған жеке-жеке бомбадан қорғану нысанын салатын ел де бар. Ол – Израиль. Бұл елде тұрғын үйді салған кезде әр пәтердің ішінде бір-бір қауіпсіз бөлме болады. Ол бөлменің қабырғалары мен төбесі бомбаның соққысына жарылмайды, есігі де, терезесі де жарылмайды. Ішіне су, газ, электр қуаты бөлек жалғанады, желдеткіші, интернеті де болады. Қауіпсіз үйлер жақын жердегі жарылыстан, жарылған бомбаның толқынынан, жарықшақтарынан, ракетаның құлаған қалдығынан және химиялық, бактериялық қарулардан қорғайды. Ал зілзала сияқты табиғи апаттар мен өрт болған жағдайда бункер немесе қауіпсіз бөлме сақталып қалады.

Жаугершіліктен көз ашпай келе жатқан Израиль мемлекетінің өз тұрғындарын қорғауының мұндай тәжірибесі өзге елдердің қызығушылығын тудырары сөзсіз. Мұндай қауіпсіз үйлер тек бомбадан қорғануға ғана емес, зілзала бола қалған жағдайда да адамдардың аман қалуына септігі тиеді. Израильде жеке үйде тұратындар да көп. Ол жақта жеке үйге жапсарлап бункер салады. Өз есебінен брондалған өте мықты бункер салдырып алатындар да аз емес. Израильдің тілінде қауіпсіз бөлмені немесе бункерді Мамад дейді екен. Жақында ХАМАС әскері таң атпай Израильді ракетамен атқылады, шекараны бұзып, елді мекендерге лап қойды. Мұндай жағдайда адамдар қауіпсіз бөлмеге немесе бункерлеріне жасырынып үлгермеген болса керек. ХАМАС-тың әскері шырт ұйқыда жатқан адамдардың үйлеріне кіріп кеткен.

Қазақстан әр пәтерге қауіпсіз бөлме салмаса да бомбадан немесе зілзаладан қорғанудың қоғамдық нысандарын құруы керек шығар. Ал метро барлық қалада салынбаған. Үйдің астын автотұрақ есен ғимараттар аз екені тағы бар.

«Келін түсірмесек, істемейміз»: Сәкен Майғазиев ұлының үйлену тойына дайындықты бастады (ВИДЕО) «Мақпалдың бетін мен аштым»: Мұхамеджан Тазабек Заманбек Нұрқаділов туралы айтты «Сұлу болғандықтан қызыққан»: Меруерт Түсіпбаеваға өзінен кіші жігіт үйленуге ұсыныс жасады (ВИДЕО) «Полиция кінәлі»: Ақтөбеде оқушы қыз жарыс кезінде мұрнын сындырып алды (ВИДЕО) Астана циркінде акробат қыз бес метр биіктіктен құлап кетті (ВИДЕО) 7 жастағы бала 40 метрлік құдыққа құлап кетті «Қанды бірден сүртіп тастаған»: Мысыр әуежайында көз жұмған әйелдің жан құрбысы жағдай туралы айтып берді Ақтаулық шахматшы ел тарихындағы ең жас халықаралық гроссмейстер атанды Тазабектің тойында ән айтқан Бекболат Тілеуханға 15 жылқы, 1 түйе және 1 көлік сыйға берілді Ақтауда жүргізуші әйел бала қағып кетіп, оқиға орнынан қашып кеткен (ВИДЕО) Шымкенттегі Әуезов университетінің басшысы 256 млн теңге жымқырған Ресейде түрмеден қашқан өзбек азаматтары сотталды «Унитаздан шығып, асүйдегі пештің үстінде отыр»: Елімізде тышқандар унитаз арқылы пәтерге кіріп жатыр (ВИДЕО) Жігер Ауыпбаев әйелімен ажыраса сала бір қызға қатты ғашық болғанын айтты Журналист Мысырда қаза тапқан Ақмарал Мұқанова туралы айтып берді Джо Байденге қатерлі ісік диагнозы қойылды Каспий теңізінде жер сілкінісі болды Антикор Ермек Тұрсыновқа қатысты тергеу жүргізіліп жатпағанын айтты «Бір қоңыраумен-ақ соғысты тоқтатамын»: Трамп Путин мен Зеленскийге хабарласпақ Бүгін ауа райына байланысты бірқатар өңірде ескерту жарияланды