"Қабілетімді тезірек ашқым келеді": әнші Балжан Бидаш ән шығарғысы келетінін айтты

25.10.2023, 14:41
1816
"Қабілетімді тезірек ашқым келеді": әнші Балжан Бидаш ән шығарғысы келетінін айтты JibekJolyTV

"Kesh you" тобының бұрынғы әншісі Балжан Бидаш болашақта ән шығарғысы келеді. Бұл туралы өнер иесі Jibek Joly TV арнасындағы "Мархабат" бағдарламасында айтты.

"Мархабат" бағдарламасына қонаққа келген әнші Балжан Бидаш болашақта ән шығаруды қолға алғысы келетінін жеткізді.

"Көзімді ашқалы музыканың ортасында өстім. Әкем - композитор, сөз де жазады, жан-жақты. Менің сөз жазатын қабілетім жоқ. Мүмкін, ән шығарармын. Батыстың әншілері, әлемдік жұлдыздар хит әндерін өздері жазады. Ол халыққа өтімдірек болады. Ән жүректен шыққаннан кейін көрерменге де жақсы жетеді", - деді өнер иесі.

Әнші тыңдарман өте жақсы қабылдаған "Екеуміз қол ұстасып" әнін туған ағасы Бақыт Бидаш шығарғанын тілге тиек етті. Өнер иесі өз бойында бұл қабілеттің де бар екенін айтты.

"Шын әнші, шын әртіс өзі ән шығара білу керек деп ойлаймын. Мен сол қабілетімді тезірек ашқым келеді. Ағамда да, әкемде де бар. Менен неге шықпасқа? Ән шығару - менің арманым", - деді Балжан Бидаш. 

Қалтада дүрбі сақтаудың қажеті жоқ — бәрі Honor смартфонында Танымал блогер Назгүл мен Құндызға тиесілі 2 қабатты зәулім үйді сатып жіберген боп шықты Жаттықтырушы Алина Серікованың ісі: марқұмның атына зорлықшылар күштеп алғызған несие әлі жабылмаған Семейлік 32 жастағы мұғалім оқушы қызды көліктің ішінде зорлаған Ерке Есмахан күйеуінің туған күнінде жаңа үйге көшкенін айтты (ФОТО) «Пәтер, анасы екеуінің еміне қаражат, инвестиция»: әйгілі бетперделі жігіт 4 дүркін әлем чемпионына көмектесті (ВИДЕО) Жантүршігерлік жол апатынан павлодарлық балалар ауруханаға түсіп, бапкер қаза болды Жемқорлық туралы хабарлаған алматылықтарға 1,2 млн теңге сыйақы берілді Астанада ер адам көпірден секіріп кетті «Қар, көктайғақ»: 19 сәуірге арналған ауа райы болжамы жарияланды Ел Президенті ұландықты марапаттады Шерзат Болаттың досы неге оқиға орнынан қашып кеткенін түсіндірді Шерзаттың өліміне куәгер Эльмира Нұрбекова күдікті жігіттермен 2 күн бұрын танысқанын айтты «Төбелес біткен тұста пышақ ұстаған бір топ жігіт келді»: Шерзаттың досы сотта куәлік берді Ақтөбелік келіншектің ұлы анасының 600 мың теңгелік сақинасын балабақшадағы қызға сыйлап жіберген Алматы қаласында «Инклюзивті қала: шешімдер мен мүмкіндіктер» атты панельдік сессия өтті «Қыздар көре алмай жатыр»: Диана Скатова жеке өмірінен сыр шертті «20 жылға соттамақ»: Ресейде адыраспанмен ұсталған қазақстандық ер адам 8 ай қамауда отыр Шерзаттың анасы куәгер қыздардан жедел жәрдем шақыруын сұрағанда олардың тас лақтырғанын айтты Ауғанстанға Қазақстан 36 вагон көмек апарып берді