Қазақстан неге Газа секторындағы азаматтарын шығара алмай отыр – СІМ жауабы

26.10.2023, 12:57
804
Қазақстан неге Газа секторындағы азаматтарын шығара алмай отыр – СІМ жауабы stan.kz

Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Қайрат Омаров Газа секторындағы Қазақстан азаматтарын шығару үшін келіссөз жүріп жатқанын айтты

СІМ өкілінің айтуынша, Қазақстанның дипломатиялық өкілдігі Газа секторындағы қазақстандықтармен тұрақты байланысып отыр.

Осы аумақтан азаматтарымызды аман-есен шығарып алу үшін Мысыр үкіметімен де және басқа да ресми тұлғалармен бірлесіп, жұмыс істеп жатырмыз. Қазір 45 мемлекет өз азаматтарын шығарып алуға талпынып жатыр. Әзірше бірде-бір шетел азаматы Газа секторынан шыға алмады. Сондықтан жұмыс жалғасып жатыр, - деді Қайрат Омаров Сенаттың жалпы отырысынан соң.

Министрдің бірінші орынбасары бүгінде Газа секторындағы халыққа гуманитарлық көмек көрсетіліп жатқанын атап өтті.

«Ондағы жағдай өте күрделі. Қақтығыс аумағында еліміздің нақты неше азаматы қалғаны туралы мәліметті анықтап жатырмыз. Байланысқа шықпай жатқандары да бар. Сондай-ақ бұған дейін аты аталмаған басқа адамдар да анықталып отыр. Сондықтан қазір нақты адам санын айту мүмкін емес. Өткізу бекеті ашылып, азаматтарды шығарып алсақ, олардың азаматтығын анықтаймыз», - деді ведомство өкілі.

Айта кетейік, бұған дейін СІМ Газа секторында Қазақстанның 67 азаматы барын хабарлаған.

Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан Freedom Travel төңірегіндегі жанжал: отадан шыққан егде жастағы жолаушылар күні бойы әуежайда отырған Украина тұтқынындағы қазақстандық Ресей билігіне үндеу жасады