Теңіздегі жаңа зауыттың құрылысы 36 500 қазақстандыққа халықаралық стандарттар бойынша оқудан өтуге мүмкіндік берді

26.10.2023, 20:58
875
Теңіздегі жаңа зауыттың құрылысы 36 500 қазақстандыққа халықаралық стандарттар бойынша оқудан өтуге мүмкіндік берді

Қазақстанның астанасында «Өзгеріс дәуіріндегі еңбек нарығы: сын-қатерлер, инновациялар және перспективалар» тақырыбында халықаралық конференция өтуде.

Іс-шараға Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Тамара Дүйсенова, Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова, Қазақстанның мемлекеттік органдарының, «Атамекен» ҰКП-ның, Қазақстан кәсіподақтар федерациясының өкілдері, т.б. сондай-ақ отандық ірі кәсіпорындар, оның ішінде Қазақстандағы ең ірі салық төлеушісі ​​– «Теңізшевройл» ЖШС (ТШО) қатысты.

Келешек кеңею жобасы – Ұңғы ернеуіндегі қысымды басқару жобасының (ККЖ-ҰЕҚБЖ) бөлігі болып табылатын Үшінші буын зауытының құрылыс жұмыстарының шарықтау кезеңінде шамамен 90 000 қазақстандық жұмысшы еңбек етті. Оның ішінде 36 500-ден астам қызметкер оқудан өтіп, қазақстандық және халықаралық стандарттар бойынша сертификаттарға ие болды. Жаңа зауытта жұмысты аяқтаған мамандар өз білімі мен тәжірибесін Қазақстандағы және шетелдегі басқа жобаларда сәтті қолдануда.

Дегенмен, Еңбек министрлігінде бұл шаралар жеткіліксіз деп есептейді:

«Алдағы 5 жылда тұрақты жұмыс күші үшін жыл сайын 100 мыңға жуық жаңа жұмыс орны қажет болады. Сонымен қатар, жұмыс орындарын құру қарқыны өсіп келе жатқан халықтың сұранысын жеткілікті түрде қанағаттандырмайды», – деді Светлана Жақыпова.

Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова өз сөзінде ұсынылған экономикалық ынталандыру шараларын іске асыру нәтижесінде келесі нәтижелерге қол жеткізу күтілетінін атап өтті: сапалы жұмыс орындарының саны 2,1 млн-нан немесе 2023 жылы жұмыспен қамтудың жалпы құрылымындағы барлық жұмыс орындарының 32%-нан 3,6 млн-ға немесе 2030 жылға қарай 45%-ға дейін. Сапалы жұмыс орындарының орташа жылдық өсу қарқыны 8%-ды құрап, 1,5 миллион адам табысын орташа жалақыдан жоғары көтереді.

S&P Global халықаралық сараптамалық агенттігінің зерттеуіне сәйкес, Қазақстандағы Теңіз кен орнын игеру ТШО-дағы әрбір жұмыс орнына ел экономикасында қосымша 41 жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді.
Сондай-ақ «Теңізшевройл» ЖШС бас директорының орынбасары Көңілқош Сүйесінов:

«2018 жылдан бастап ККЖ-ҰЕҚБЖ Қабілеттерді дамыту және кәсіби-техникалық мамандықтарға оқыту тобы (Craft Training) «АПЕК Тренинг орталығын» NCCER (National center for construction education and research) халықаралық аккредитациясын алу үшін дайындық жүргізді. 2021 жылдан бастап ККЖ-ҰЕҚБЖ-да 3000-ға жуық жоба қызметкерінің тиімді топ/дала тобы (бригада) жетекшісінің дағдыларын дамытатын «Топты басқарудың негіздері» (CREW Leadership) курсы ашылды».

Бүгінгі таңда ТШО-ның негізгі қызметіндегі қазақстандық жұмысшылардың үлесі 1993 жылғы 50%-бен салыстырғанда 95%-ға өсті. Сонымен қатар, 1993 жылдан бері Қазақстан Республикасына тікелей қаржылық төлемдер бүгінгі күнге дейін 186 миллиард АҚШ долларын құрады, оның ішіне қазақстандық жеткізушілерден 45,6 миллиард АҚШ долларын құрайтын тауарлар мен қызметтерді сатып алу кіреді. 

Шавкат Рахмоновтың бұрынғы жары бесінші рет ана атанды Баян Алагөзова өзін «Баян-шаян» деп келемеждеген емшіні сотқа бермек «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім» деген ресейлік әйел қамауға алынды Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі неге әлеуметтік желіден жоғалып кеткенін ашып айтты «Баспен құлады»: Ақмола облысында 61 жастағы ер адам биіктіктен құлап көз жұмды Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды