ҚТЖ пойыз билеттерінің қымбаттауы туралы ақпаратқа қатысты пікір білдірді

26.10.2023, 19:27
896
ҚТЖ пойыз билеттерінің қымбаттауы туралы ақпаратқа қатысты пікір білдірді Halyq Uni

«Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы бұған дейін БАҚ-та тараған пойыз билетінің қымбаттағаны туралы ақпаратқа қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды компанияның баспасөз қызметі.

«Қазақстан темір жолы» АҚ Ұлттық тасымалдаушы бола отырып, әлеуметтік маңызы бар өңіраралық қатынас үшін теміржол тарифі биыл бір рет – 1 қаңтардан бастап 7 пайызға көтерілгенін хабарлайды. Тарифті өзгерту туралы шешім Көлік министрлігінің келісімімен және шекті белгіленген бағаның жыл сайынғы өсуі ескеріле отырып қабылданған», – деді компанияның баспасөз хатшысы Нариман Дүйсекеев.

Сондай-ақ «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы әлеуметтік маңызы бар бағыттар бойынша жүретін пойыздардан бөлек, 2014 жылдан бері коммерциялық пойыздар да Қазақстан бойынша жолаушыларды тасымалдап, жедел тасымалдау қызметін ұсынатынын атап өтті. Коммерциялық пойыздарда билеттің құны сатып алу мерзімі мен тасымалдау сұранысына байланысты бекітіледі.

Сонымен қатар Қазақстан Республикасында жеке агенттік кассалар жұмыс істейді, кейбіреуінде билеттерді сатып алу үшін комиссия төлеуге тура келеді.

«Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді