Астанада Ататүрік саябағында Юнус Эмренің ескерткіші ашылды

27.10.2023, 11:39
1770
Астанада Ататүрік саябағында Юнус Эмренің ескерткіші ашылды govkz

Бүгін Астанадағы Ататүрік саябағында түркі әлемінің қалыптасуына еңбек сіңірген тарихи тұлға Юнус Эмренің ескерткішінің ашылу салтанаты өтті, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Салтанатты шараға Түркия елшілігі, елорданың зиялы қауым өкілдері, ардагерлер және Астана қаласы әкімдігінің өкілдері қатысты.

Аталған іс-шараны ҚР Парламенті Сенатының депутаты, Халықаралық түркі академиясының президенті, танымал түрколог, академик Дархан Қыдырәлі құттықтау сөзімен ашты.

«Түркия Республикасының 100 жылдығы құтты болсын! Осы 100 жылдық мерекенің қарсаңында біздің руханиятымыздың архитекторларынан саналатын Қожа Ахмет Яссауидың жолын батыста жалғаған, түркі тілінің өрісін кеңейткен Юнус Эмренің ескерткішінің елордада ашылуы өте мағыналы деп білеміз. Бұл ескерткіштің эскизі жасалып жатқанда көрген едік. Тура мерекенің қарсаңында ашылып отыр» – деді Дархан Қыдырәлі.

Ескерткіштің салтанатты ашылуына арнайы қатысқан Түркия Республикасының Қазақстан Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі Мұстафа Капуджу да осындай тарихи сәтте жүрекжарды тілегін айтты.

«Түркияда да қазақтың ұлы ойшылы Абайдан бастап өзге де дарынды тұлғаларына арналған саябақтар, ескерткіштер бар. Бұл іс- шара - екі елдің тарихының ортақ екенін еске салатын шара деп ойлаймын» - деді Мұстафа Капуджу.

Бұдан соң ҚР Парламенті Сенатының депутаты Дархан Қыдырәлі, Түркия Республикасының Қазақстан Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі Мұстафа Капуджу, сондай-ақ Байқоңыр ауданы әкімі Талғат Рахманберді Юнус Эмреге арналған ескерткішті ашты.

Тарихи сәттен соң елшілік пен елорда әкімшілігі атынан гүл шоқтары ескерткішке қойылды.

Басқа да маңызды жаңалықтар Telegram арнамызда!

Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан Freedom Travel төңірегіндегі жанжал: отадан шыққан егде жастағы жолаушылар күні бойы әуежайда отырған Украина тұтқынындағы қазақстандық Ресей билігіне үндеу жасады Өскеменде 356 млн теңгені қолма-қол ақшаға айналдырғандардың ісіне шенеунік те араласқан Атырауда қыздың өлімі үшін сотталған мүсіншіге қатысты үкім жойылды Құлсарыдағы ерлі-зайыпты қаза тапқан жарылыстың себебі әшкере болды