Израиль-Газа мәселесі: Үлкен ойыншы Түркия бір жақ, Батыс бір жақ

27.10.2023, 10:54
646
Израиль-Газа мәселесі: Үлкен ойыншы Түркия бір жақ, Батыс бір жақ eadaily

Газа аймағындағы ХАМАС құрылымдарын жоямын деп екі ортада бейбіт тұрғындарды қырып жатқан Израильдің әрекетін айыптап жатқан қанша көшбасшылар болса, соның бірі де, бірегейі де Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған.

Оның Израильге деген қандай да бір өшпенділігі жоқ, алайда Израиль әскерінің Газа аймағында қантөгіс жасап жатқанына наразы. Таяудағы бір сөзінде Ердоған Израильдің әрекетін баскесерлік деп атаған және аймақта тыныштық орнату үшін Палестинаға тәуелсіздік беру керектігін шегелеп айтқан. Израильге АҚШ президентінен бастап мықты деген талай елдердің көшбасшылары барып қайтып жатыр. Жоспар бойынша Түркия президенті Ердоған да баруы керек болатын. Бірақ Ердоған Израильге бару райынан қайтты. Түркиядағы Ұлы Ұлттық Мәжіліс деген партия – Ердоғанның партиясы, өзі осы партияның төрағасы. Бұл ұйым өзін әділет пен даму партиясымыз деп есептейді. Міне, осы партияның отырысындағы сөзінің арасында  Режеп Тайып Ердоған Газа аймағындағы жағдайға байланысты бірер сөз айтты. 

Түркия президенті партия отырысында өзінің Израильге сапарын тоқтатқанын және ХАМАС ұйымын терроршылар емес, азат етуші моджахедтер деп есептейтінін мәлімдеді.

Израильдің Газаға шабуылына қатысты Ердоған «Израиль мемлекетімен арамызда ешқандай проблемамыз жоқ, бірақ Израильдің жасаған зұлымдығын, мемлекет сияқты емес, қандай да бір  ұйым сияқты әрекет етуін ешқашан мақұлдаған емеспіз және ешқашан қолдамаймыз», – деді.

Израиль шабуылдарының кезінде қаза тапқандардың көпшілігінің жас балалар екенін атап өткен Ердоған бұл әрекеттің адамзатқа қарсы қатыгез қылмыс екеніне баса назар аударды.

Ердоған «ХАМАС террорлық ұйым емес, өз жері мен азаматтарын қорғау үшін соғысып жатқан моджахедтер», – деген сөзін нақтылап, Израильге қарата меңзеп айтты.

Бүкіл Батыс елдері ХАМАС-ты террорлық ұйым деп отырғанда «Жоқ, ол террорлық ұйым емес, өз жері мен елін азат етуші моджахед» деу үшін де табанды мінез керек екені белгілі. 

Ердоғанның айтуынша, түрік ұлты еврейлерге ешқашан нәсілдік тұрғында қиянат жасамаған және мұндай мәлімдемені осы күні Израильдің жанынан табылып жатқан елдер өз аттарынан алмайды.

«Ел және ұлт ретінде шындықты ашық айтамыз, шындыққа жету үшін саяси, дипломатиялық, қажет болса әскери құралдарды пайдалануды жалғастырамыз» деді Түркия президенті.

Ердоған Батыс елдерін сынға алды. Себебі ол Израиль әскерінің Газа аймағының бейбіт тұрғындарын аяусыз қырып жатқанына Батыс көз жұма қарап отыр деп есептейді. Сондықтан Ердоған бұл аймақта бейбітшілік заман орнату мәселесіне мұсылман елдерін белсене араласуға шақырды. Түркия президенті Израиль мен Палестинаның Газа аймағы арасындағы соғысты тез арада тоқтатайық, сөйтіп, ықпалды көшбасшыларды қатыстырып Палестина мен Израиль арасындағы халықаралық бейбіт конференция өткізейік деген өзінің бастамасын әлемге естірте сөз етті. Бұған қоса Түркия президенті әкімшілігінің Байланыстар жөніндегі басқармасының Фахреттин Алтун есімді басшысы да Израильге арнап үн қатты. Бұл азамат Израильді бейбіт тұрғындардың қазасын тоқтатуға және журналистерді қаза болудан сақтайтын амалдарды табуға шақырды. Фахреттин Алтунның келтірген мәліметіне қарағанда, соғыс басталғалы бергі аз күннің өзінде Газа аймағында әр елдің 24 журналисі қаза болған, жарақат алғандары да көп. Түркия әкімшілігінің өкілі журналистердің қазасы үшін Израильді айыптайды. Журналистер өз жұмысын істеп, оқиғаны қаз-қалпында жеткізіп жатқаны болмаса, олардың бұл соғысқа қатысты  кінәсі жоқ және олар нысанаға алынбауы тиіс. Фахреттин Алтунның пікірінше, журналистерге соғысып жатқан екі тарап та тиіспеуі керек, ал өлтіру мүлде сорақылық. 

Түркия Газа аймағына гуманитарлық көмекті үсті-үстіне аттандырып жатыр. 25-қазанға дейін Түркиядан Мысырға кезегімен алты жүк ұшағы барып қонды. Жүк одан ары қарай Газа аймағына жол тартуда. Көмек жөнелту жалғасып жатыр. Түркиядан дәрі-дәрмек, медициналық жабдықтар және электр қуатын өндіретін генераторлар көбірек баруда. 

Негізінен алғанда, Режеп Тайып Ердоғанның Израильге баруы аймақтағы проблеманың шешімі үшін маңызды болуы мүмкін еді. Бұл соғыстың тоқтатылуы араб елдеріне көбірек байланысты деп жатады. Араб елдері ұйымдасқан түрде кіріссе бейбіт шешімге тоқтауы ғажап емес. Ал мұнда, мүмкін, Түркия президентінің салмағы болар ма еді, кім білсін. Мұндағы мәселе – соғысты тоқтатып, Газа аймағының әкімшілік басқаруын ХАМАС ұйымынан басқа қолға өткізу. Палестина ұлттық автономиясына берілмеуі мүмкін, себебі оның президенті Махмуд Аббастың палестиналықтар арасында абыройы шамалы. Араб елдерінің және Біріккен Ұлттар Ұйымының өкілдерінен құралған уақытша үкімет орнауы да мүмкін нәрсе деп жатыр. Тек Израильдің өзі осы күнге дейін өзінікі болып келген Газа аймағын қайтып алмастай болып безіп отыр. Олардыкі бетің де құрысын, жүзің де құрысын дегеннің кері. Бірақ Израиль Газа аймағынан оңайлықпен құтылмайтын сияқты. Кейбір саясаттанушылардың пайымдауынша, соғыстың талқысы қандай болған жағдайда да әлем Газаны бәрібір Израильдің қанжығасына қайта байлап береді. Көресіңді көрмей көрге кірмейсіңнің кері осы ма, кім білсін.

Ақмола облысында су құбыры желілерін тарту үшін заңсыз жолмен алынған активтерден 21,5 млрд теңге бағытталды Бүгін әйелдер футболынан Қазақстан чемпионатының он екінші турының матчтары өтеді Алматы облысында полицейлердің арнайы операциясы нәтижесінде жасырын есірткі зертханасы әшкере болды Техастағы су тасқынынан қаза тапқандар саны 78-ге жетті, оның ішінде 28 бала бар Астана күніне арналған мерекелік бағдарлама аясында елордада ерекше отшашу өтті Жартаста қалып қойған: Құтқарушылар Шымбұлақ маңынан үш жасөспірімді тауып алды Екібастұзда жасөспірім суға батып кетті Ердоған Әзербайжан мен Ресей арасындағы шиеленіске пікір білдірді Мейірхан Шерниязов түрмеден неге ерте шыққанын түсіндірді (ВИДЕО) «Жалғыз күресіп, қиналып кеттім»: Қымбат Досжан Жәнібекке қатысты қуанышты хабарды жеткізді Алматы әуежайында балаға әйнек сынығы түсіп, жарақат алды Қарағандыда көлік отқа оранып, жеті адам қаза болды (ВИДЕО) «Жиіркенішті»: Көкшетауда ер адам далада тыр жалаңаш шешініп, қыздарды шошытты (ВИДЕО) Назарбаевтың келінінің туған күнінде ресейлік әнші Алсу әндетті Берденовке оқ атты деген Ернар Жиембайдың анасы алғаш рет мәлімдеме жасады (ВИДЕО) Атлант пен Астананың арасы жақындады: Бразилия мен Қазақстанның сыртқы істер министрлері кездесті Қалалардың болашағы туралы халықаралық диалог  – Қызылордадағы Ұлттық Урбан Форумына жол Украина Ресейдің әскери әуе базасына соққы жасады Қазақстандық жас балуандар Азия чемпионатында топ жарды Тоқаев Назарбаевты 85 жас мерейтойымен құттықтады