Ұлттық экономика министрлігі: Қазақстан Әзірбайжанға тауар экспортын $300 млн-ға арттыруға дайын

27.10.2023, 17:31
669
Ұлттық экономика министрлігі: Қазақстан Әзірбайжанға тауар экспортын $300 млн-ға арттыруға дайын govkz

Астана қаласында Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров Әзірбайжанның ҚР-дағы Төтенше және Өкілетті елшісі Ағалар Атамоғлановпен кездесті. Аталған жайт туралы smartnews.kz сайты хабарлайды.

Тараптар екі ел арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастық мәселелерін талқылады. 2022 жылдың қорытындысы бойынша екіжақты тауар айналымының көлемі шамамен $500 млн-ды құрады. Болашақта бұл көрсеткіш $1млрд-қа дейін жетуі мүмкін.

Кездесу барысында екі елдің маңызды көлік дәліздерінде тиімді орналасқаны атап өтілді. Осыған байланысты Орталық Азия, Кавказ және Түркия арқылы Қытай мен Еуропалық Одақты байланыстыратын Транскаспий халықаралық көлік бағытының (ТХКБ) өзектілігі артуда. ТХКБ шеңберінде жүктерді ауыстырып тиеу көлемі 2 есе өсті. Осы бағыт арқылы қазақстандық мұнайды тасымалдаудың оң динамикасы атап өтілді.

Министрдің айтуынша, Қазақстан Әзірбайжанға 100-ден астам тауар позициясы бойынша $300 млн-ға жуық шикізаттық емес экспортты ұлғайтуға дайын.

Өз кезегінде Ағалар Атамоғланов мырза атап өткендей, Әзірбайжан Қазақстанға ауыл шаруашылығы өнімдерін жеткізуді арттыруға ниетті.

Тараптар Қазақстан мен Әзірбайжанның көпжақты форматтағы, оның ішінде Түркі мемлекеттері ұйымы аясындағы өзара іс-қимылының перспективаларын қарастырды. Осылайша, екі ел Түркі инвестициялық қорын (ТИҚ) құру туралы келісімді бірінші болып ратификациялады. Сондай-ақ, алдағы СПЕКА (БҰҰ-ның Орталық Азия экономикаларына арналған арнайы бағдарламасы) форумына дайындық мәселелері талқыланды. Іс-шара ағымдағы жылдың қараша айында Баку қаласында өтеді.

Қазақстан-Әзірбайжан:

2023 жылғы қаңтар-тамызда екіжақты тауар айналымы $398 млн-ды құрады, бұл 2022 жылғы ұқсас кезеңмен салыстырғанда 57,2%-ға артық.

Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі неге әлеуметтік желіден жоғалып кеткенін ашып айтты «Баспен құлады»: Ақмола облысында 61 жастағы ер адам биіктіктен құлап көз жұмды Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады