Қазақстанда шамамен 16,5 млн гектар өнім жиналды

27.10.2023, 19:14
2364
Қазақстанда шамамен 16,5 млн гектар өнім жиналды eldala.kz

Бүгінгі таңда Қазақстанда 16,6 млн гектар дәнді дақылдар жиналды, бұл жоспарланған алаңның 97% құрайды. Орташа өнімділігі 9,6 ц/га болған кезде 15,9 млн тонна астық бастырылды.

Мемлекет басшысының ауыл шаруашылығы өндірушілеріне қажетті қолдау көрсету жөніндегі тапсырмасы шеңберінде Үкімет егіннің сапасына теріс әсер еткен қолайсыз ауа райы жағдайларының салдарын барынша азайту жөнінде шаралар қабылдады. Сондықтан «Азық-түлік корпорациясы» ҰК» АҚ форвардтық сатып алу бағдарламасы аясында 2023 жылғы өнімнен ауыл шаруашылығы өнімдерін қабылдауды бастады. Айта кетейік, Ауыл шаруашылығы өнімдерін қабылдау Азық-түлік корпорациясы анықтаған лицензияланған астық қабылдау кәсіпорындарына алдын ала төлем сомасына жүзеге асырылады.

Келесі сатып алу бағалары белгіленді: 3 класты қатты бидай ҚҚС-пен есептегенде – 130 000 теңге; 3 класты hi-pro бидай (27%-дан глютен) ҚҚС-пен есептегенде – 130 000 теңге; 3 класты бидай (23%-дан глютен) ҚҚС-пен есептегенде – 120 000 теңге; 4 класты бидай ҚҚС-пен есептегенде – 105 000 теңге; 2 класты арпа ҚҚС-пен есептегенде – 65 000 теңге.

Форвардтық сатып алулар мен тауарлық несие бойынша шаруаларға айыппұл төлемей немесе 1,05 немесе 5% коэффициенті бойынша 3 класты бидайды 4 кластыға ауыстыру арқылы өз міндеттемелерін ақшалай қаражатпен орындауға мүмкіндік берілді. Міндеттемелерін орындай алмаған ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге банктік сыйақыларды тек 3% көлемінде өтей отырып, шартты орындау мерзімін бір жылға ұзартуға мүмкіндік беріледі.

Форвардтық сатып алу шарттарының орындалуы бойынша қосымша ақпаратты Азық-түлік корпорациясының облыстық өкілдіктерінен алуға болады. Күнбағыс, зығыр тұқымы, қарақұмық және рапсты сатып алу бағасы кейінірек белгілі болады.

Бұдан басқа, егіннің сапасына әсер еткен қолайсыз ауа райы жағдайларының салдарын барынша азайту үшін Үкімет арзандатылған бағамен 62,5 мың тонна көлемінде астықты кептіру үшін дизель отынын бөлу жөнінде шаралар қабылдады. Өз кезегінде «Бәйтерек» холдингінің қаржы институттары тауар өндірушілерге қатысты айыппұл санкцияларын қолданбай кредиттерді ұзартуды жүргізеді.

Жамбыл облысының фермерлерімен кездесуде вице-министр Әбілхайыр Тамабек алты ауданда – Байзақ, Жамбыл, Қордай, Меркі, Талас, сондай-ақ Т.Рысқұлов атындағы ауданда су тапшылығынан 392 ауыл шаруашылығы тауарын өндіруші зардап шеккенін еске салды. Құрғақшылыққа байланысты 9,2 мың га алаңда өнім жарамсыз болып қалды. ТЖ жоюға Үкімет резервінен 3,7 млрд теңге бөлінді. Қазан айында құрғақшылықтан зардап шеккен АӨК субъектілері шығындарды өтей бастады. Бүгінгі таңда 232 ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге 1 млрд теңгеден астам қаржы төленді.

Украинада 300-ге жуық қазақстандық болуы мүмкін Шымкент әкімі де футболға бөлінетін қаржыны қысқартатын болды АҚШ түшкірсе, Ресей тұмаурата ма: Жаңа санкциялар қандай? «Ота кезінде көп қан кеткен»: Семейлік ана 13 жасар ұлының өліміне дәрігерлерді кінәлайды Украина мен НАТО шұғыл кеңес өткізеді «Балғамен ұрып өлтірмек болды»: ер адам әйелінің жұмысына келіп, оны ұрып өлтірмек болған (ВИДЕО) Мұнайшылар ереуілі: Жұмыскерлерге қысым көрсетіліп жатқаны рас па? Жаңа жылда 4 қаңтарға дейін демалыс болмақ eGov қосымшасы арқылы қазақстандықтардың несие тарихы қадағаланады Елімізде банан емес, адам саудасы «қызып» тұр Журналист Гүлмира Әбіқай елден ақша жинайтын тағы бір қайырымдылық қорының былығын ашты Бокстан Азия чемпионатында ел намысын кімдер қорғайды? Нұрбике Нұрқаділова өмірден өтті: Заманбек Нұрқаділовтің бірінші жары соңғы сұхбатында қандай шындықты айтып кетті? Майқайыңдағы масқара: Ағасы мен қарындасы зорланған «Зорлады» деп жалған арыз жазатын нәзік жандылар азаймай тұр «Бейбітшілікті қалайтындарға түкіргені бар»: Зеленский Путиннің мәлімдемесіне жауап қатты Путин Украинаға атқылаған «Орешник» зымыраны сәтті сыналғанына сүйінші сұрады Украинадағы жағдай ушықты: Бектенов шұғыл жиын өткізді «Еліміздің барлық аймағында дерлік күн бұзылады»: 22 қарашаға арналған ауа райы болжамы жарияланды Желіде Перизат Қайраттың жалған сұхбаты тарады