Назарбаевқа тиесілі КТК телеарнасы акцияларының 1%-ы үкіметке өтті
Аталған жайт туралы smartnews.kz сайты хабарлайды.
Назарбаев қорына КТК акцияларының 90%-дан астамына иелік етеді.
Алматы сотының дерегінше, 1% акция бұрын «Маңғыстаумұнайгазға» тиесілі болған. Бірақ кейін компания акцияларын сатуға сатып алушылар таппай, 1% акциясын Нұрсұлтан Назарбаев қорына сыйға берген.
Сот мұны «Қазақстан Республикасының мемлекеттік мүлкі туралы» заңды бұзумен жасалғанын алға тартып, келісімнің күшін жойды.
Материал авторы
Дана Асылбекқызы
Тілші