Костенко шахтасындағы өртте қайтыс болғандар саны 20-ға жетті
Бұл туралы «АрселорМиттал Теміртау» АҚ атқарушы директоры Виктор Гафиулов мәлімдеді.
Қалған кеншілер әлі іздестіріліп жатыр.
Ал құтқарылған 18 шахташының тек біреуі ғана үйіне жіберілген. Қалғандары ауруханада.
15 адам көмірқышқыл газымен уланып, ауруханаға жатқызылды.
Тағы 1 кенші ауыр халде жансақтау бөлімінде, екіншісі операциядан кейін травматология бөліміне ауыстырылған.
Еске сала кетейік, Төтенше жағдайлар министрлігі ақпараттық және психологиялық қолдау көрсету үшін 8 (7212) 51-72-23, 8 (7212) 49-72-70 сенім телефондары жұмыс істейтінін хабарлады.
Басқа да маңызды жаңалықтар Telegram арнамызда!
Материал авторы
Дана Асылбекқызы
Тілші