940

ТЖМ: Костенко шахтасындағы апат бойынша 55 құтқарушы мен 12 техника жұмылдырылды

Аталған жайт туралы smartnews.kz сайты хабарлайды.

ТЖМ: Костенко шахтасындағы апат бойынша 55 құтқарушы мен 12 техника жұмылдырылды
ашық дереккөзден

«АрселорМиттал Теміртау» АҚ Көмір департамертінің Костенко атындағы шахтадағы авариялық-құтқару жұмыстарына «Кәсіби әскерилендірілген авариялық-құтқару қызметтерінің республикалық орталық штабы» ЖШС Қарағанды филиалының 55 адамы мен 12 техникасы жұмылдырылды. 

- Жұмыстар екі өндіру учаскесі ауданында жүргізілуде. Көрінетін жану ошақтары жоқ. Газ жағдайын бақылау, сынамаларды алу, сондай-ақ табылған қаза тапқандарды шығару жұмыстары жүргізілуде. Кейбір жерлерде көміртегі тотығының рұқсат етілген концентрациясынан асып кетуі байқалады, - делінген Төтенше жағдайлар министрлігінің хабарламасында.

Қазіргі уақытта 22 адамның денесі табылды, 24 кенші іздестірілуде.

Ақпараттық және психологиялық қолдау көрсету үшін Қарағанды қаласында (ТЖД 8-7212-51-72-23, АрселорМиттал Теміртау 8-7212-49-72-70) және Астанада (8-7172-70-41-08) «жедел желі» телефондары ашылды.

Басқа да маңызды жаңалықтар Telegram арнамызда!

Материал авторы