Қаза тапқан кеншілердің балаларына көмек көрсетіледі
Қарағанды облысындағы Костенко атындағы шахтада болған қайғылы оқиғаға байланысты ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитеті қаза тапқандардың отбасыларына көңіл айтады.
Оқу-ағарту министрінің тапсырмасы бойынша қаза тапқан кеншілердің балаларына барлық қажетті қолдау шаралары көрсетілетін болады.
- Облыстық білім басқармасының жанынан қаза тапқан және зардап шеккендердің балаларына көмек көрсету үшін Оқу-ағарту министрлігінің, білім басқармасының, Қарағанды облысының Бала құқығы жөніндегі өңірлік уәкілінің, мектептердің, әлеуметтік педагогтардың, педагог-психологтардың өкілдерінен тұратын мобильдік топ құрылды. Мобильді топ жұмысының шеңберінде балалардың тізімдері қалыптастырылуда, - делінген хабарламада.
Қаза тапқан және зардап шеккендердің отбасыларынан шыққан балаларға жан-жақты психологиялық көмек көрсетіледі.
Басқа да маңызды жаңалықтар Telegram арнамызда!
Материал авторы