Костенко атындағы шахтада болған өрт кезінде қаза тапқандардың отбасыларына қандай көмек көрсетіледі

28.10.2023, 19:40
715
Костенко атындағы шахтада болған өрт кезінде қаза тапқандардың отбасыларына қандай көмек көрсетіледі KZgovernment

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша оларға толыққанды көмек көрсетілетін болады.

Қарағанды облысының әкімдігі уәкілетті мемлекеттік органдармен бірлесіп, Костенко атындағы шахтада болған өрт салдарынан қаза тапқан «АрселорМиттал Теміртау» АҚ жұмысшыларының отбасы мүшелерінің тізімін жасап жатыр. 

Атап айтқанда, келесі қолдау шаралары қарастырылған:

➤ компания қаражаты есебінен отбасыларға баспана сатып алу;

➤ моральдық зиян үшін 10 жылдық жалақы мөлшерінде біржолғы төлем;

➤ асырауында болған балаларға 18 жасқа толғанға дейін ай сайынғы сақтандыру төлемі (ЖОО студенті болса, 23 жасқа дейін);

➤ Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан жалақысына байланысты ай сайынғы төлем;

➤ қамқорлықтағы адамдардың санына байланысты асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы;

➤ жұмыс берушінің қаражаты есебінен отбасылардың несиелерін өтеу;

➤ жерлеуге байланысты барлық шығындарды өтеу;

➤ қаза тапқандардың балалары мен жұбайларын жұмысқа орналастыру;

➤ 23 жасқа дейінгі балалардың оқу ақысын төлеу;

➤ қаза тапқандардың жұбайлары мен балаларына санаторий-курорттық емделуге жолдамалар беру;

➤ үйді пешпен жылытатын отбасыларға жыл сайын көмір бөлу.

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес «АрселорМиттал Теміртау» АҚ-ның қаза тапқан қызметкерлерінің отбасыларына барлық қажетті көмек көрсету мәселелері ҚР Үкіметінің ерекше бақылауында.

Басқа да маңызды жаңалықтар Telegram арнамызда!

Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды