1066

Иранда хиджаб кимегені үшін соққы астында қалған 16 жастағы Армита Гераванд қайтыс болды

Бір ай бұрын Армитаны полицейлер хиджаб кимегендіктен ұстап алған болатын.

Иранда хиджаб кимегені үшін соққы астында қалған 16 жастағы Армита Гераванд қайтыс болды
hengaw.net

BBC басылымының жазуынша, 16 жастағы Армита Гераванд бірнеше апта жан сақтау бөлімінде жатқаннан кейін қайтыс болған. Құқық қорғаушылар қызды көшеден полицейлер ұстап алған бойда соққыға жыққанын айтқан еді.

Тәуелсіз құқық қорғаушылар ұйымы Hengaw мәліметінше, оқиға 3 қазанда метрода болған. Полицейлер оны метродан тоқтатып, басына орамал тағуды талап еткен. Қыз орамал тағудан бас тартқанда олар Армитаны ұрып, әскери ауруханаға жеткізген.

Ал биліктегілер қыздың өліміне полиция қызметкерлерінің қатысы жоқ деген сөзді алға тартып отыр.

Көптеген ирандықтар Армитамен болған оқиғаны өткен жылы 22 жастағы Махса Аминимен болған оқиғамен салыстырды. Ол да хиджаб кию ережелерін сақтамағаны үшін ұсталып, кейінірек полиция көлігінде соққы астында қалды. Махса ұсталғаннан бірнеше күн өткен соң қайтыс болды.

Материал авторы