Әлемдік пән олимпиадаларының жеңімпаздары 5 млн теңгеден алды

29.10.2023, 11:14
705
Әлемдік пән олимпиадаларының жеңімпаздары 5 млн теңгеден алды Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметіОқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі

Ең беделді әлемдік пән олимпиадаларының жеңімпаздары 5 млн теңгеден алды

Оқу-ағарту министрлігінің мәлметнше, жыл басынан бері 23 қазақстандық оқушы әлемдегі ең беделді жеті олимпиадада 2 алтын, 11 күміс және 10 қола медаль жеңіп алған. Олардың қатарында IMO, IphO, IChO, IBO, IGеO, IOI және IOL пәндік олимпиадалары бар.

Ведомство басшысы олимпиада жеңімпаздарымен және жүлдегерлермен, сондай-ақ оларды дайындаған педагогтермен кездесті. Физика пәнінен халықаралық олимпиаданың (IPhO) күміс жүлдегері, Алматы қаласындағы №165 мамандандырылған лицей оқушысы Марғұлан Нұрсағатов тәлімгерлеріне өз алғысын білдірді.

Физиканың барлық қыр-сырын үйрету үшін үлкен күш-жігерлерін жұмсаған мұғалімдеріме және мені қолдап келе жатқан ата-анама рахмет айтамын. Сондай-ақ, еліміздің болашағына – біздерге сенім артқаны үшін Мемлекет басшысына ерекше алғыс айтқым келеді, – деді Марғұлан Нұрсағатов.

Оқу-ағарту министрі жеңімпаздарды жетістіктерімен құттықтап, халықаралық олимпиадаларда жүлдегер болған қазақстандық оқушыларды қолдау шараларына тоқталды.

Бірінші кезекте сіздерді жеңістеріңізбен құттықтасам деймін. Сіздер еліміздің көк туын әлемдік аренада жоғары көтеріп, математика, физика, химия, биология, география, информатика сияқты іргелі ғылымдар бойынша лайықты нәтижелерге қол жеткіздіңіздер. Бұл ұстаздардың да орасан зор еңбегі, жетістігі деп білемін. Мемлекет дарынды оқушыларға жан-жақты қолдау көрсетуде. Өткен жылдан бастап халықаралық олимпиадалардың жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне, сондай-ақ оларды дайындаған педагогтерге біржолғы сыйақы төленуде. Биыл әлемдегі ең беделді 7 олимпиадада жүлдегер атанған 23 оқушыға 65,5 млн теңге, ал 20 педагогке 6 млн теңгеге жуық ақшалай сыйақы берілді. Бұл шаралар, ең алдымен, олимпиадашылардың беделін арттыруға және отандық ғылымның болашақ жұлдыздарын қалыптастыруға бағытталған, - деп атап өтті Ғани Бейсембаев.

Айта кетсек, алтын медаль үшін 1 мың 500 АЕК, күміс медаль үшін 1 мың АЕК, қола медаль үшін 500 АЕК мөлшерінде ақшалай сыйақы қарастырылған. Алтын медаль иегерін дайындаған педагогке сыйақы базалық лауазымдық жалақының 26,5 еселенген мөлшерінде, күміс үшін базалық лауазымдық жалақының 17,5 еселенген мөлшерінде, қола үшін базалық лауазымдық жалақының 8,5 еселенген мөлшерінде төленеді.

Баян Алагөзова өзін «Баян-шаян» деп келемеждеген емшіні сотқа бермек «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім» деген ресейлік әйел қамауға алынды Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі неге әлеуметтік желіден жоғалып кеткенін ашып айтты «Баспен құлады»: Ақмола облысында 61 жастағы ер адам биіктіктен құлап көз жұмды Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды